Main content

Alert message

XI Азаматтық форумы

Бүгін Алматы қаласының "Белсенді мегаполис" XI Азаматтық форумында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуын талқылады.
ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитетінің төрағасы А. Ғалымова өз сөзінде қоғамдық кеңестердің құрылуы мен жұмысы есеп беретін мемлекеттің қалыптасуына оң ықпал еткенін, белсенді азаматтарға елдің қоғамдық өміріне қатысуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Министрлік заңнаманы жетілдіру бойынша, атап айтқанда, қоғамдық кеңестер, коммерциялық емес ұйымдар және медиация туралы заң жобалары бойынша жұмысты жалғастырады, ҮЕҰ, азаматтық қоғамның басқа да институттарының тұрақты дамуына түрлі құралдар арқылы көмек көрсетеді.
Азаматтық форумды өткізу идеясын Президент алғаш рет 15 жыл бұрын ұсынды. Елбасы бастамасы азаматтық қоғамда кеңінен қолдау тапты, мемлекет пен үкіметтік емес сектордың ынтымақтастығын нығайтты. Осы жылдар ішінде Азаматтық Форум елдің неғұрлым белсенді қоғамдық ұйымдарын біріктіріп, қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселелері бойынша азаматтық бастамаларды ілгерілетуде пәрменді диалог алаңына айналды.
Бағдарлама аясында "Жомарт Жүрек" сыйлығын табыстау рәсімі өтті, сонымен қатар Үздік әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.

 

 

«Таным» Республикалық Қоғамдық Сыйлығы байқауы

Қазақстанның VIII Азаматтық форумы аясында «Таным» Республикалық Қоғамдық Сыйлығына және үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңестер мен қоғам қайраткерлері арасында құрмет атағы беріледі. Байқаудың мақсаты – Қазақстанның азаматтық қоғамын құру мен дамытуға баға жетпес үлес қосқан қазақстандық ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер мен қоғам қайраткерлерінің қызметін жоғары деңгейде бағалау болып табылады.

Біздің "Азамат Әлеуеті" қоры осы байқаудың қатысушысы ретінде ұсынылып отыр.

Достар, егер де бізге қолдау көрсетем деушілер болса төмендегі сілтеме арқылы дауыс бере аласыз http://vote.azamattyqforum.kz/mir_bez_granic

 

 

 

"Өмір дауысы" мүмкіндігі шектеулі балалар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған І - қалалық байқау-фестивалі

 

Музыка, аспаптық шығармашылық және хореография арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтендіру мақсатында 7 қараша күні "Азамат әлуеті" қорының жігіттері Тәжімұрат Азамат, Сағидулла Әмір және Степаненко Юра Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінің, Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен, Халықаралық Бизнес академиясының колледжі ұйымдастырған "Өмір дауысы", - атты мүмкіндігі шектеулі балалар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған І - қалалық байқау – фестиваліне қатысты.
Байқауға тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 мектеп-интернатының, Н. Островский атындағы зағиптар мен нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты. Сонымен қатар Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің, Алматы технология және флористика колледжінің, МАБ колледжінің студенттері де қатысты. "РУХ" отбасылық үйінің тәрбиеленушілері "Эльдани" қайырымдылық қоры атынан қатысқан достарын қолдауға келді. Іс-шара армосферасы ұмытылмас эмоцияларға толы болды. Балалардың таланты мен әлеуеті жоғары деңгейде. Зал барлық қатысушыларға орындарынан тұрып қолдау көрсетті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, біздің Юра домбырада қазақ күйлерін орындағаны үшін 3 дәрежелі дипломға ие болды, сондай-ақ, Азаматымыз вокал номинациясы бойынша грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жігіттер, біз Сіздерді мақтан тұтамыз!

 

Ерекше қажеттіліктері бар жасөспірімдер мен жастарды кәсіби тұрғыдан дайындап, еңбекке тарту

2018 жылдың қазан айының 12-нде Алматы технология және флористика колледжінің негізінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар жасөспірімдер мен жастарды кәсіби тұрғыдан дайындап, еңбекке араластыру мәселелеріне арналған Республикалық семинар өтті. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Кәсіпқор» холдингі» Акционерлік қоғамының Техникалық және кәсіби оқытуды дамыту Басқармасының өкілдері, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Талғар, Тараз, Шортанды, Шымкент т.б. қалалардың кәсіби-техникалық оқыту ұйымдарының басшылары мен педагогтарының тарапынан түрлі бұзылыстары бар тұлғаларға кәсіби білім беру үдерісін ұйымдастыру мәселелері, әр өңірдің тәжірибесі, мүгедектігі бар тұлғаларды инклюзивті тұрғыдан кәсіптік оқыту және әлеуметтендіруде Ресурстық орталықтың орны мен маңыздылығы туралы пікірлер айтылып, баяндамалар жасалды. Қазіргі таңда түрлі бұзылыстары бар жастар 10 мамандық бойынша кәсіби білім алып, құзыреттіліктері дамып, әлеуеті жоғары азаматтар атануына түрлі тараптар араласуда екенін айтқымыз келеді. Бір қуантарлық жайттардың арасында биылғы жылы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға, соның ішінде жеңіл және орташа деңгейде ақыл-ой бұзылыстары бар шәкірттерге арнап кәсіби-техникалық білім беру саласында 20 арнайы оқыту бағдарламасы жасалуда екендігін мәлімдейміз. Аталмыш колледждің Қамқоршылар кеңесінің төрайымы біздің "Азамат әлеуеті" Қорымыздың Президенті Сейсенова Алмагүл Дәулетқазықызы екендігін осы орайда атап өткіміз келеді.

Amnesty International зерттеу жұмыстарын талқылау жөніндегі дөңгелек үстел

Психикалық денсаулық күнінде Amnesty International өткізген зерттеу нəтижелерін талқылап, менталды бұзылыстары бар тұлғаларға қатысты жұмыс жасап, əртүрлі жобаларды елімізде жүзеге асырып отырған үкіметтік емес ұйымдар басшылығы мен өкілдері Астанада бас қосып, бір желінің мүшелері ретінде іс-əрекетке қабілетсіздік, оның салдарынан туындайтын басқа да мəселелер бойынша пікір білдіріп, ой бөлісті. Мемлекеттік органдар жəне мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, шетелдік жəне халықаралық ұйымдар, азаматтық қоғам мен Nazarbayev University өкілдерінің қатысуымен болған бұл шараның нәтижесінде психикалық жəне ақыл-ой бұзылыстары бар еліміздің азаматтарының əлеуметтік, азаматтық, мəдени және экономикалық құқықтары толыққанды қорғалған қоғамға бет аламыз деген сенімдеміз.