Main content

Alert message

XI Азаматтық форумы

Бүгін Алматы қаласының "Белсенді мегаполис" XI Азаматтық форумында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуын талқылады.
ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитетінің төрағасы А. Ғалымова өз сөзінде қоғамдық кеңестердің құрылуы мен жұмысы есеп беретін мемлекеттің қалыптасуына оң ықпал еткенін, белсенді азаматтарға елдің қоғамдық өміріне қатысуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Министрлік заңнаманы жетілдіру бойынша, атап айтқанда, қоғамдық кеңестер, коммерциялық емес ұйымдар және медиация туралы заң жобалары бойынша жұмысты жалғастырады, ҮЕҰ, азаматтық қоғамның басқа да институттарының тұрақты дамуына түрлі құралдар арқылы көмек көрсетеді.
Азаматтық форумды өткізу идеясын Президент алғаш рет 15 жыл бұрын ұсынды. Елбасы бастамасы азаматтық қоғамда кеңінен қолдау тапты, мемлекет пен үкіметтік емес сектордың ынтымақтастығын нығайтты. Осы жылдар ішінде Азаматтық Форум елдің неғұрлым белсенді қоғамдық ұйымдарын біріктіріп, қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселелері бойынша азаматтық бастамаларды ілгерілетуде пәрменді диалог алаңына айналды.
Бағдарлама аясында "Жомарт Жүрек" сыйлығын табыстау рәсімі өтті, сонымен қатар Үздік әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.