Қор мен желіге қатысушылар туралы
- Толығырақ
- Жарияланды 19.10.2016 04:39
- Қаралды: 1790
«Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры (бұдан ары – Қор) мүшелігі жоқ, ерікті мүліктік жарна негізінде құрылған әрі осы Жарғыда белгіленген әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және қоғамға пайдалы басқа да мақсаттары бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Қор өз қызметін Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституцияға, Азаматтық Кодекс, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, Жеке Қайырымдылық Қорының оларға қарама-қайшы келмейтін Жарғысына (бұдан ары – Жарғы) және Қордың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады. Қор еріктілік, де¬мократия, өзін-өзі басқару, заңдылық, қатысушылардың тең құқықтылығы, қызметтер бойынша есеп беру мен жариялылық қағидалары негізінде әрекет етеді.