Мақсаттары
- Толығырақ
- Жарияланды 19.10.2016 04:23
- Қаралды: 1847
Қор қызметінің мақсаттары:
- елде әлеуметтік саланың дамуы мен жетілуі, маңызды ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік-экономикалық жобалардың жүзеге асуы, әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдерінің азаматтық белсенділігін дамыту мақсатында ықпалдасу;
- Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі және/немесе мүгедектігі бар балалар, жасөспірімдер мен жастар, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан түзету, әлеуметтік бейімдеу, медициналық және кәсіби тұрғыдан оңалту мақсатында тиімді құқықтық, экономикалық және әлеуметтік бағыттардың дамуына ықпал ету;
- әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдері мен өмірдегі қиын жағдайға тап болған тұлғаларды әлеуметтік қорғау, құқықтық тұрғыдан қолдау және заңнамамен кепілдік берілген құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында халық арасында ағарту жұмысын жүргізу;
- мүмкіндіктері шектеулі және/немесе мүгедектігі бар балалар, жасөспірімдер мен жастар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, егде жастағы адамдар мен өмірдегі қиын жағдайға тап болған тұлғалардың өмірінің барлық жағын ашып көрсететін ақпараттық және эдвокаси-кампанияларды өткізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген білім беру, түзете-педагогикалық, әлеуметтік, құқықтық, медициналық, оңалту, спорттық-сауықтыру және кеңес беру сияқты қызмет түрлерін көрсетіп, ұйымдастыру;
- жеке өмір сүру мүмкіндігін бейімдеу және оңалту орталығы, тәуелсіз өмір сүру үйі не әлеуметтік пәтер жағдайында уақытша, тәулік бойы болу не тұру дағдыларын қалыптастыру арқылы жүзеге асыру;
- алған білім, қалыптасқан икем мен дағдыларды тексеру, кәсіп бойынша еңбектену дағдыларын қалыптастыру, қол жетімді мамандықтарға оқыту, мамандықтарды игеру мен болашақта жұмыспен қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу;
- арнайы құрылған және ұйымдастырылған шағын цехтар мен кәсіпорындар, емдік және оқу-өндірістік шеберханалар, қосалқы ауылшаруашылығы мекемелері, өз базасындағы бақтар мен бау-бақшаларда еңбекпен емдеу қызметтерін ұйымдастыру;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру мақсатында және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету Стандарттарына сәйкес жобаларды орындау;
- мүмкіндіктері шектеулі және/немесе мүгедектігі мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, егде жастағы және өмірдегі қиын жағдайға тап болған тұлғаларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, ерте жастан кірігу, күндізгі топтар және жұмыспен қамтамасыз ету, өздігінен, уақытша не үнемі жеке тұруы бойынша баламалы қызмет түрлерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- өмірдегі қиын жағдайға тап болған тұлғалар, олардың отбасы мүшелері мен мамандарға арналған оқыту курстары, семинарлар мен түрлі тренингтерді ұйымдастырып, өткізу;
- дамуында ауытқулары және мінез-құлығында бұзылыстары бар балалар, жасөспірімдер мен жастарды тәрбиелеу, оқыту, емдеу мен әлеуметтендіру мәселелері бойынша ата-аналар, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер мен дәрігерлерге кеңес беру;
- клиенттерге мүмкіндіктері, қалаулары, біліктілігі, өмірлік тәжірибесі мен қабілеттеріне қарай жұмыс істеу орнын таңдауға көмектесу;
- арнайы білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және басқа сала мамандарының біліктілігін көтеру мен кадрларды қайта даярлау бойынша курстарды дайындап, өткізу;
- мамандар біліктілігін көтеруге ықпалдасу, мүмкіндіктері шектеулі және/немесе өмірдегі қиын жағдайға тап болған тұлғалармен қызметтердің жаңа түрлері мен әдістерін меңгеру, озат отандық және шетелдік тәжірибемен бөлісу;
- әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдерінің мәселелерімен айналысатын мамандар мен еріктілердің теориялық түсініктері мен практикалық дағдылары деңгейін көтеру;
- өмірдегі қиын жағдайға тап болған тұлғаларға қайырымдылық пен әлеуметтік көмек көрсету;
- жалғыз басты жандар, егде жастағылар, ерекше қажеттіліктері бар балалар, жасөспірімдер және жастар, қамқорлыққа мұқтаж тұлғаларды күтуді ұйымдастыру.