Аутизмі бар балаларды білім беру ұйымдарына белгілеу бойынша әдістемелік ұсынымдар
- Толығырақ
- Жарияланды 07.02.2019 07:44
- Қаралды: 1385
1. Бұл ұсынымдар аутизмі бар балаларды білім беру ұйымдарында оқумен қамтуды белгілейді.
2. Бала аутизмі дегеніміз – туа пайда болған қарым-қатынас, әлеуметтік өзара әсер ету бұзылыстары мен қиындықтары, мінез-құлықтағы стереотипті жағдайлар түрінде байқалатын психикалық дамудың бұзылысы.
3. Аутизмі бар балалардың білім беру ұйымдарында білім алуы және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктері аутизмнің дәрежесіне қарай ажыратылады. Аутизмнің жеңіл түрлері бар балаларда ауыр түрдегі аутизмі бар балаларға қарағанда білімді меңгеруі мен әлеуметтік бейімделуі жоғары болуы мүмкін. Аутизмнің түрлеріне қарай психикалық дамудың ӛзіндік түрі мен ерекшеліктері жалпы және арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқу мүмкіндіктері мен болжамын белгілейді.
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивті (кіріктіре) білім беруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
- Толығырақ
- Жарияланды 07.02.2019 07:00
- Қаралды: 1553
1. Осы ұсынымдар мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды жүзеге асыратын меншік түріне қарамастан жалпы білім беру мектептерінде дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивті (кіріктіре) білім беруді ұйымдастыруды қарастырады.
2. Кіріктіре (инклюзивті) білім берудің негізгі мақсаты ретінде дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай тұрғылықты жері бойынша білім алуға, әлеуметтік бейімделуге және қоғамға кірігуіне құқығын жүзеге асыру, отбасының баласын тәрбиелеу мен дамытуында рөлін көтеру болып табылады.
3. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру мектебіне қабылдау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің жазбаша өтініші негізінде психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің (бұдан ары – ПМПК) оқыту формасы көрсетілген қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру жүйесіне кіріктіру» атты әдістемелік құрал
- Толығырақ
- Жарияланды 03.10.2018 07:45
- Қаралды: 1333
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үдерісі бүгінгі күні көптеген елдерде көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Барша қауымның назарына серіктестеріміздің бір – «Дара» Қайырымдылық Қоры дайындаған «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру жүйесіне кіріктіру» атты әдістемелік құралды ұсынып отырмыз.
Әдістемелік құралда инклюзивті білім берудің мағынасы мен оның қағидалары жайлы ақпарат, халықаралық және қазақстандық тәжірибе бойынша материалдар, онымен қоса білім берудегі инклюзивті үдерістерге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар ұсынылған.
Бұл құрал инклюзивті білім беру идеяларын дамытып, жүзеге асырып отырған білім беру органдары басқармалары мен ұйымдарының басшылары және мамандары, жалпы мектептердің педагогтары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне өте жақсы көмекші құрал бола алады.
Құралды біздің сайтымыздан мына сілтеме арқылы жүктеуге болады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы білім беру.pdf