Қор туралы
- Толығырақ
- Жарияланды 19.10.2016 04:17
- Қаралды: 1858
Қор туралы
Мақсаттары
Қордың міндеттері мен миссиясы
Жобалар
Есептер
«Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры
бір отбасының мүшелері Сейсенова Алмагүл Даулетқазықызы, Тәжімұрат Азамат Бақтыбайұлы және Тажмуратов Бақтыбай Сейтимовичтің ұсынысымен құрылды.
Бекітілген Жарғыға сәйкес Қор қызметінің пәні ретінде төмендегілер белгіленді:
- мүмкіндіктері шектеулі балалар, жасөспірімдер мен жастар және мүгедектігі бар тұлғалардың денсаулығын нығайту, олардың жеке тұлғалық дамуы, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі белгілеу мен шығармашылық еңбегін дамыту мақсатында қажетті жағдайлармен барынша қамтамасыз ету;
- қазіргі қоғамда толыққанды және сапалы түрде өмір сүру мақсатында олардың әлеуметтік бейімделуі мен қоғамға кірігуіне ықпалдасу;
- азаматтардың жоғарыда көрсетілген санаттарының толыққанды дамуы мен оқуы, медициналық, арнайы әлеуметтік қызметтерді алуы үдерісі барысында қолдау көрсету;
- мүмкіндіктері шектеулі және/немесе мүгедектігі бар балалар, жасөспірімдер мен жастар, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға инклюзивті білім беру, оларды қоғамға кіріктіру және өмірін мазмұнды өткізуді қолдау және ұйымдастыру;
- мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру барысында қолдау көрсету;
- өңірлік, республикалық және халықаралық шаралар мен кездесулерді ұйымдастыру.