Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
- Толығырақ
- Қаралды: 1473
Белгілі бір бұзылыстары бар балалар, жасөспірімдер мен жастардың ата-аналары осындай жағдаятта болған басқа отбасылардың«ерекше» балаларын тәрбиелеу, оларға күтім жасап, оңалту мен өзге де жағдайларының мысалдарын көрген маңызды. Әр ата-ана өз баласының жарқын болашағына деген сенімін арттыра түскісі келеді.
Біз Сіздерге «Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды» атты шабыттандыратын кітапты ұсынамыз. Бұл кітап ата-аналардың баласының диагнозы және мамандардың болжамдарына қарамастан түрлі бұзылыстары бар балаларын дамытып, оларды оқыту мен әлеуметтендіруге көмек көрсете алған ата-аналардың «табысты оқиғаларына» толы.
Біз осы кітаптың көмегімен Сіздер шабыттанып, ерекше балалардың ата-аналарының нақты мысалдары арқылы сұрақтарыңызға жауаптар ала алатындарыңызға сенімдіміз.