Қордың міндеттері мен миссиясы
- Толығырақ
- Жарияланды 19.10.2016 04:33
- Қаралды: 2116
Қордың негізгі міндеттері төмендегідей:
- Қазақстан Республикасы мен өзге мемлекеттердің азаматтары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы мәдени, кәсіби және басқа байланыстарды дамыту;
- дене және психикалық бұзылыстары немесе мүгедектігі бар тұлғаларды оқыту мен оңалтудың барлық түрімен қамтамасыз ету барысында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
- ерте жастағы, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, мүмкіндіктері шектеулі немесе мүгедектігі бар балалар, жасөспірімдер мен жастар бар отбасыларының айналасында жағымды құқықтық, әлеуметтік және ақпараттық өрісті туындату және жағдай жасауға ықпалдасу;
- арнайы қажеттіліктері бар және/немесе өмірдегі қиын жағдайға тап болған тұлғалармен әлеуметтік жұмыс институтын дамытуды ғылыми-әдістемелік және технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету;
- клиенттердің жеке қажеттіліктерін ескере отыра қызмет алушылардың тұлғалық дамуы, әлеуметтенуі мен қоғамға кірігуі деңгейін көтеруге бағытталған арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну;
- арасында арнайы әлеуметтік қызметтер бар ұйым клиенттеріне ұсынылатын барлық қызмет түрлерінің сапасы мен тиімділігін арттыру;
- ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды қоғамға кіріктіру, мүмкіндіктері шектеулі және/немесе мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, көмек көрсетудің баламалы түрлері, қолөнер шеберханалары, орта және кіші бизнес кәсіпорындары, жұмыспен қамту Орталықтары мен тұру үйлерін дамытуға күш-жігерін салу;
- дене және ақыл-ой дамуында бұзылыстары бар, өмірдегі қиын жағдайға тап болған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу, еңбекпен оңалту бойынша өндірістерді ұйымдастыру;
- мамандардың пәнаралық командасының тұлғаның даму мен бұзылыс мәселелерін кешенді түрде зерттеуі, клиенттердің медициналық, психологиялық, түзете-педагогикалық және әлеуметтік оңалу мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтау;
- клиенттің дамуы мен әлеуметтік жағдайын ескере отыра жеке даму бағдарламасын дайындап, құрастыру;
- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды отбасы жағдайында медициналық, әлеуметтік және еңбекпен оңалту мәселелері бойынша туыстарына кеңес беріп, оқыту;
- өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғалар мен туыстарын психологиялық тұрғыдан қолдау қызметтерін ұйымдастыру;
- ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамға кіріктіру барысында ата-аналар мен қамқоршыларға ықпалдасу;
- ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың күтімін қамтамасыз етіп отырған ата-аналар, туыстар мен мамандарға мүмкіндіктері шектеулі балалар, жасөспірімдер мен жастар және/немесе мүгедектігі бар азаматтар, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға қызмет көрсету негіздерін оқу;
- ерекше қажеттіліктері бар балалар, жасөспірімдер мен жастардың білім беру мен халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы балабақшалар, мектептер, орта арнайы білім беру мекемелері, жоғары оқу орындары және басқа да ұйымдарында тәрбеленіп, білім алуына қол жетімділігін жоғарылату;
- жергілікті қауымдастық мүшелері, ерекше қажеттіліктері бар балалар, жасөспірімдер мен жастардың ата-аналары, білім беру басқармалары және мүдделі тараптармен тұрақты әріптестік қарым-қатынастарды дамыту арқылы инклюзивті білім беруді ынталандыру;
- танымдық фильмдерді көрсету, радиограммаларды өндіру, әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. тақырыптарға семинарлар мен конференцияларды ұйымдастырып, өткізу.