«Ақ-Қала ХХІ» кеңсе тауарлары дүкенінен тосынсый
- Толығырақ
- Жарияланды 15.02.2019 09:47
- Қаралды: 1335
«Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры кеңсесінің маңында орналасқан «Ақ-Қала ХХІ» кеңсе тауарлары дүкені Жаңа жыл қарсаңына біздің Қорға арнайы жақсы сый-сияпатын жасап, біраз жанға тосынсый сыйлады. Көршілеріміз түрлі-түсті фломастерлер мен карындаштар, гуашь пен акварель, пазлдар сияқты балалардың күнделікті іс-әрекеттері мен шығармашылық сабақтарына керек-жарақтарды сыйлыққа табыстаған болатын. Қор өз тарапынан бұл сыйлықтырады Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға және он сегіз жастан асқан мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша № 2 бөлімшесінен қызмет алып жүрген балаларға, Қорымызда талай шараларға қатысып, біздің жақын достарымыз болып табылатын жастайынан мүгедектігі бар балалалар, жасөспірімдер мен жастар, олардың іні-бауырлары мен сіңлі-қарындастарына, қаламыздағы 176-мектеп гимназиясының бастауыш сынып оқушыларына және Наурызбай ауданының көпбалалы отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балаларға арнайы табыс етті. Балалар мен ана-аналардың алғыстары шексіз, жан-жақтан рақметтерін айтып жеткізуде. Жаңа жыл осындай керемет бастамамен ашылып жатқанына қуанып жатқан күйіміз бар. «Ақ-Қала ХХІ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сәлімжанова Майра Есімханқызына алғыс айта отырып, өмірдегі барлық жақсылықты тілеп, осындай шаралар ұзағынан болсын деп тілек білдіреміз.