Main content

Alert message

Қыздар Университетінде тағылымды жоба бастау алды

https://dknews.kz/society/67010-yzdar-universitetinde-ta-ylymdy-zhoba-bastau-aldy.html 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Жасөспірімдер мен жастардың әлеуетін инклюзивті шығармашылық арқылы қолдау» атты жобаның тұсауы кесілді. Бұл туралы «Деловой Казахстан» Халықаралық ақпарат агенттігі оқу орнының Баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асанға сілтеме жасап хабарлайды.

«Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен жүзеге асырған шараның мақсаты – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің өздерінің қатарластарымен бірігіп, инклюзивті орта құруы барысында ұлттық шығармашылықты дәріптеп, оны насихаттауға ынталандыру.

Жоба аясында мүгедектігі бар жастар жасаған қолданбалы және қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылып, инклюзивті музыкалық және би шығармашылығы бойынша концерт ұйымдастырылды.

Жиынды Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова кіріспе сөзбен ашып, қайырым мол іске ұйытқы болып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев балаларға ерекше көңіл бөліп, олардың болашағына әрқашан қамқорлық танытып келеді. Өйткені, жеткіншектерге қамқорлық жасаудың негізінде олардың бойындағы ерекше қабілетін ашу маңызды. Бұл – ертеңгі күннің табысы. Келешекке салынған инвестиция. Қазіргі күндегі мектептегі білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі – жасөспірімдер мен жастардың зияткерлік әлеуетін шығармашылық арқылы қолдау көрсету, ерекше қабілеті балаларды таба білу, тәрбиелеу, олардың бойындағы ерекше қасиеттерін танып, дамытуға мүмкіндік туғызу. Сондықтан мұғалімдердің алдында жаңа міндет – балалардың жеке қабілетін, дарынын, бейімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың келешегіне бағыт беру, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіру. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақ дайындау. Осы орайда Сіздердің бастамаларыңыздың маңызы айрықша екенін атап өткім келеді. Соңғы бес жылдан бері оқу орнының Педагогика және психология факультетінің «Дефектология» мамандығының студенттері Қайырымдылық Қоры жүзеге асырып отырған жобаларына белсенді түрді қатысып, инклюзивті ортаны қалыптастыруға сүбелі үлес қосып келеді, – деді Гаухар Алдамбергенова.

Қор президенті Алмагүл Сейсенованың айтуынша, осы тақілеттес шаралар мүгедектігі бар жасөспірімдердің өмір сапасын көтеріп, табысты болуына әсер етіп, шығармашылық әлеуетін көтеруге ықпал етеді. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған этнографиялық концерт-көрме алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Айта кетейік, «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры жастайынан мүгедек жастар мен олардың отбасы мүшелеріне, өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік, ақпараттық және құқықтық тұрғыдан қолдау, медициналық оңалту, педагогикалық және психологиялық түзету, еңбекке тарту, түрлі мамандықтарға оқыту сияқты қызмет атқарады.

Сонымен қатар, Ұлтымыздың ұлағатты ісін жаңғырту орайында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Шын жүректен» қайырымдылық жәрмеңкесі де өтті.

Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеу институты мен Әлеуметтік және тәрбие департаменті ұйытқы болған игілікті шарадан түскен материалдық көмек «Милосердие» Ерікті Қоғамы» қайырымдылық қорына аударылмақ.

Дәстүрге айналған жәрмеңкенің мақсаты – университет ұжымы мен студенттерінің санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты ізгі ұғымдарды қалыптастыру. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен жеткіншектерге көмек көрсету, оларды рухани тұрғыда қолдап-қуаттау.

Менталды бұзылыстары бар азаматтар мәселелерімен айналысатын ұйымдардың заңды тұлғаларының бірлестігін құру

Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен "Менталды бұзылыстары бар азаматтар мәселелерімен айналысатын ұйымдардың заңды тұлғаларының бірлестігін құру" жобасы аясында "Азамат әлеуеті" жеке қайырымдылық қорының президенті» – Сейсенова Алмагүл Даулетказиевна ағымдағы жылдың басталуынан Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында  ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарымен/заңды өкілдерімен, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдармен, мүгедектермен жұмыс істейтін ҮЕҰ басшыларымен, ата-аналардың бастамашыл тобымен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен "Ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді педагогикалық, түзеу және психологиялық қолдау, медициналық оңалту және әлеуметтік бейімдеу жүйесі" тақырыбында бірқатар кездесулер өткізді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

1. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді педагогикалық, түзеу және психологиялық қолдау, медициналық оңалту және әлеуметтік бейімдеу жүйесі.

2. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар азаматтарды кәсіби-еңбекке даярлау және одан әрі жұмысқа орналастыру.

3. Жоғарыда айтылған мәселелерге қатысты заңнамалық база

4. "Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар" туралы және БҰҰ "Мүгедектердің құқықтары туралы"Конвенциясының баптары мен тармақтарына сәйкес ҚР міндеттемелерін іске асыру туралы.

5. "Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызметтерді жаңғырту тұжырымдамасы". 

6. ҚР менталдық бұзылулары және психикалық бұзылулары бар тұлғаларға көрсетілетін балама қызметтер мен қызметтер.

 

Инклюзивті шығармашылық арқылы жастар мен жасөспірімдердің әлеуетін қолдау" атты жобаны іске асырды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорының қолдауымен "Азамат әлеуеті" қоры ағымдағы жылы "Инклюзивті шығармашылық арқылы жастар мен жасөспірімдердің әлеуетін қолдау" атты жобаны іске асырды. 
Жобаның негізгі мақсаты – балалардың, жасөспірімдердің және нормативтік дамуы бар жастармен ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалардың инклюзивтік қоғамдастығын құру процесінде халық шығармашылығын насихаттау және дәріптеу. Жоба, мүгедектігі бар жас адамдарды тәрбиелеуде оқыту мәселелерімен айналысатын мұғалімдер мен педагогтар, мамандармен дәлелді адамдармен бірге (заңды өкілдері мен ата-аналары, отбасы мүшелері мен жақын туыстары, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары) мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен тікелей іске асырылды. Сондай-ақ, жобаға оқушылар мен студенттер тартылды, бұл жобаның әрбір қатысушысының жеке әлеуеті мен инклюзивті шығармашылығын дамыту үшін жақсы түрткі болды. Алматы қаласы мен Алматы облысы балалары, жасөспірімдер мен жастары арасында "отансүйгіштік" және "рухани жаңғыру" сезімдерін дамыту процесінде халық шығармашылығы мен халық қолөнерін бірлесіп зерттеу, ән жанрын меңгеру және домбырадағы ойындарды зерттеу, еңбек дағдыларын қалыптастыру, қолөнер әдістемесі арқылы шығармашылықты дамыту, этнографиялық тақырыптарда әр түрлі жұмыстарды орындау арқылы мәдениет пен салауатты өмір салтын насихаттау және көпшілікке тарату, патриотизмді дамытуда жақсы нәтиже берді.
Этнографиялық сипаттағы бұйымдарды дайындау процесі мүгедектігі бар жастарға ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен колледж және университет студенттерінде қызықтырды, өйткені бірлескен күш іс-әрекеттің жалпы процесіне, толерантты қарым-қатынас пен ізгі ниет білдіруге, сондай-ақ халық қолданбалы шығармашылығы бойынша мастер-класс пен үйірмелерге қатысушылар арасында өзара түсіністікке мүмкіндік беретін үлкен іс.

«Менталды бұзылыстары бар тұлғалардың мәселелерімен айналысатын ұйымдардың желісін дамытуға ықпалдасу»

Біздің пікірімізше бүгінгі күні медициналық-әлеуметтік мекемелерді деинституализациялау, баламалы қызметтерді ұйымдастыру, менталды бұзылыстары бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру және қоғамға кіріктіру өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Кейбір ҮЕҰ осы бағытта бастамашыл жобаларды жүзеге асыруда. Олар өз қызметтері мен жетістіктері туралы ақпаратты жергілікті және республикалық БАҚ-на не өздерінің сайттарына орналастыруда. Дегенмен ҮЕҰ-дың көпшілігі өздігінен әрекеттеніп, қызмет етіп отырған саласындағы әріптестерін білмейді, олардың қызметтері туралы ақпаратқа қанық емес, менталды денсаулығында бұзылыстары бар тұлғаларға қызметтер көрсетіп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға тырысып, өзге де қызметтерді ұйымдастыруға талпынуда. Азаматтық қоғамның біздің елдегі осы кезеңдегі дамуы барысында төмендегідей қажеттіліктер туындауда:

Толығырақ...

Өздігінен өмір сүру дағдысын қалыптастыру Қызметі

Ересек жастағы менталды және қосарланған бұзылыстары бар балаларының күтімі және оны қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге бүкіл өмірін арнаған ата-аналардың көпшілігі баласының одан ары өздігінен өмір сүруін көз алдыларына елестете алмайды. Осы жағдайдан туындаған мәселелердің арасында баласының күтімін қамтамасыз етіп отырған әке-шеше толыққанды жұмыс жасап, өмірде белсенді болып, біршама уақытқа бір жаққа шығып, өзіне уақыт бөле алмауы бар, сол себепті өмірде туындаған қиындықтармен жалғыздан-жалғыз күресуге тырысады. Бұндай жағдайлар жас тұлғаның өзі, оның ата-аналары, аға-інілері мен апа-қарындастары мен сіңлілеріне кері әсерін тигізеді, сол себепті олар қолдау мен көмекке, ортаның түсіністікпен қарауы және отбасындағы жағдайдың жақсаруына ерекше мұқтаж.

Толығырақ...

Ішкі категориялар