Менталды бұзылыстары бар азаматтар мәселелерімен айналысатын ұйымдардың заңды тұлғаларының бірлестігін құру
- Толығырақ
- Қаралды: 1312
Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен "Менталды бұзылыстары бар азаматтар мәселелерімен айналысатын ұйымдардың заңды тұлғаларының бірлестігін құру" жобасы аясында "Азамат әлеуеті" жеке қайырымдылық қорының президенті» – Сейсенова Алмагүл Даулетказиевна ағымдағы жылдың басталуынан Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарымен/заңды өкілдерімен, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдармен, мүгедектермен жұмыс істейтін ҮЕҰ басшыларымен, ата-аналардың бастамашыл тобымен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен "Ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді педагогикалық, түзеу және психологиялық қолдау, медициналық оңалту және әлеуметтік бейімдеу жүйесі" тақырыбында бірқатар кездесулер өткізді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
1. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді педагогикалық, түзеу және психологиялық қолдау, медициналық оңалту және әлеуметтік бейімдеу жүйесі.
2. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар азаматтарды кәсіби-еңбекке даярлау және одан әрі жұмысқа орналастыру.
3. Жоғарыда айтылған мәселелерге қатысты заңнамалық база
4. "Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар" туралы және БҰҰ "Мүгедектердің құқықтары туралы"Конвенциясының баптары мен тармақтарына сәйкес ҚР міндеттемелерін іске асыру туралы.
5. "Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызметтерді жаңғырту тұжырымдамасы".
6. ҚР менталдық бұзылулары және психикалық бұзылулары бар тұлғаларға көрсетілетін балама қызметтер мен қызметтер.