Бала құқықтары туралы конвенция
- Толығырақ
- Қаралды: 3170
(Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.)
Кіріспе
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады деп есептей отырып,
Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала отырып,
Балалардың өмір сүруі, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік декларация
- Толығырақ
- Қаралды: 1495
Нью-Йоркте 1990 жылғы 30 қыркүйекте қабылданды
1. Біз жоғарғы дәрежедегі Дүниежүзілік кездесуде балалардың мүдделері үшін, бірлесе отырып, өзімізге міндеттеме ала, бұлжытпай жалпыға ортақ үндеу – әр балаға жарқын болашақ қамтамасыз ету – тастай отырып, бас қостық.
2. Әлемдегі балалар пәк, осал және тәуелді. Олар сондай-ақ білмқұмар, энергия мен үмітке толы. Олардың уақыты қуаныш пен бейбітшіліктің, ойын, оқу мен дамудың уақыты болу керек. Олардың болашағы үйлесімділік пен ынтымақтастыққа негізделу керек. Олардың перспективалары кеңейіп, тәжірибелері артқан сайын олардың өмірі анағұрлым толыққандырақ болу керек.
3. Бірақ көптеген балалар үшін балалық шақ шындықтары мүлде басқа.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
- Толығырақ
- Қаралды: 2212
Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған
Преамбула
Адам баласы үйелменінің барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, құқықтарының теңдігі мен тартып алынбайтындығын тану, бостандық пен әділдіктің және жалпыға бірдей бейбітшіліктің негізі болып табылатынына назар аудара отырып,
адам құқықтарына деген елемеушілік, менсінбеушілік адам баласы арының зығырданын қайнататын тағылық жағдайға әкеліп соғатынына және дүние жүзі адамдары сөз бен наным-сенім бостандықтарына ие болып, үрей мен мұқтаждықтан ада бола алатын ортаны құру – адам баласының жоғары мәртебелі ұмтылысы деп жарияланғанына назар аудара отырып,
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция
- Толығырақ
- Қаралды: 7548
(Нью-Йорк, 13 желтоқсан, 2006 жыл)
Бас Ассамблея, Біріккен Ұлттар Ұйымына барлық мүше және бақылаушы мемлекеттердің қатысуы үшін ашық Арнайы комитет құру туралы қаулы қабылдаған өзінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы 56/168 қарарына сілтеме жасай отырып, мүгедектердің құқықтары мен қадір-қасиеттерін көтермелеу және қорғау туралы жан-жақты және бірыңғай халықаралық конвенцияға қатысты ұсыныстарды әлеуметтік даму, адам құқықтары және кемсітпеу саласындағы жұмысқа кешенді көзқарас негізінде және Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Әлеуметтік даму комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып қарау үшін, сондай-ақ өзінің бұрынғы тиісті қарарларына,