Балалардың өмір сүруі, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік декларация
- Толығырақ
- Қаралды: 1529
Нью-Йоркте 1990 жылғы 30 қыркүйекте қабылданды
1. Біз жоғарғы дәрежедегі Дүниежүзілік кездесуде балалардың мүдделері үшін, бірлесе отырып, өзімізге міндеттеме ала, бұлжытпай жалпыға ортақ үндеу – әр балаға жарқын болашақ қамтамасыз ету – тастай отырып, бас қостық.
2. Әлемдегі балалар пәк, осал және тәуелді. Олар сондай-ақ білмқұмар, энергия мен үмітке толы. Олардың уақыты қуаныш пен бейбітшіліктің, ойын, оқу мен дамудың уақыты болу керек. Олардың болашағы үйлесімділік пен ынтымақтастыққа негізделу керек. Олардың перспективалары кеңейіп, тәжірибелері артқан сайын олардың өмірі анағұрлым толыққандырақ болу керек.
3. Бірақ көптеген балалар үшін балалық шақ шындықтары мүлде басқа.
Мәселе
4. Күн сайын әлемдегі көптеген балалар олардың өсуі мен дамуына кедергі келтіретін қауіп-қатерге шалдығады. Олар соғыс пен зорлықтың құрбандары бола тұра; нәсілдік кемсітушілік, апартеид, басқыншылық, шетелдік басып алу мен аннексия; босқын және күшпен орындары ауысқан балалар болып, өзінің үйлері мен ошақтарын тастауға мәжбүр бола тұра; мүгедек бола тұра; немесе немұрайдылық, қатыгездік пен қанау сынды көптеген азаптарға шалдығады.
5. Күн сайын миллиондаған бала кедейлік пен экономикалық дағдарыс ауыртпалығынан – аштық пен үйдің болмауынан, эпидемия мен сауатсыздықтан, қоршаған орта деградациясынан зардап шегеді. Сыртқы қарызбен байланысты мәселелердің ауыр салдарынан, сондай-ақ көптеген дамушы мемлекеттерде, әсіресе артта қалушы мемлекеттерде тұрақты және бірқалыпты дамудың жоқтығынан зардап шегеді.
6. Күн сайын аштық, ауру, соның ішінде жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС-тан), таза судың жоқтығынан, нашар тазалық жағдайларынан, сондай-ақ нашақорлық мәселесімен байланысты салдардан 40 000 бала қаза болады.
7. Біз саяси көшбасшылар ретінде шешуіміз керек мәселелер осы.
Мүмкіндіктер
8. Бірлесе отырып, біздің мемлекеттерд, балалар өмірін қорғау мен олардың азаптарын жеңілдету, олардың адамгершілік әлеуетінің жан-жақты дамуына қолдау жасау және олар өздерінің қажеттіліктері, құқықтары мен мүмкіндіктерін өздері түсіну үшін қаражат пен білім жеткілікті. Бала құқықтары туралы конвенция балалардың құқықтары мен игілігіне жалпыға ортақ құрметке жаңа мүмкіндік ашады.
9. Соңғы уақытта орын алған халықаралық саяси ахуалдың жетілдірулері бұл мәселені шешуді жеңілдете алады. Халықаралық келісім мен ынтымақтастық негізінде, қазіргі таңда көптеген салаларда – экономикалық өсу мен дамуды жандандыру, қоршаған ортаны қорғау, қатерлі және мүгедектікке әкелетін аурулардың таралуын тоқтату және анағұрлым әлеуметтік және экономикалық әділдікке қол жеткізу сынды нақты нәтижелерге жетуге болады. Қазіргі таңдағы қарудан бас тарту қадамдары, сондай-ақ әскери емес сипаттағы мақсаттарға жету үшін маңызды ресурстардың босатылуы мүмкін екендігін білдіреді. Бұл ресурстар қайта таратылған кезде балалар амандығын қамтамасыз ету бірінші кезектегі мәселе болу керек.
Міндеттер
10. Балалардың тамақтануы мен денсаулығын жақсарту шешімін тапқан, бірінші кезектегі міндеттеме болып тапбылады. Күн сайын ондаған мың ұлдар мен қыздардың өмірі сақталуы мүмкін, себебі олардың қаза болу себептерін жоюға болады. Әлемнің көптеген бөлігінде балалар мен нәрестелердің өлімі тым жоғарғы деңгейде, бірақ қазіргі таңда белгілі болған әрі қол жетімді құралдарды қолдану арқылы едәуір төмендеуі мүмкін.
11. Мүгедек балалар, сондай-ақ аса ауыр жағдайлардағы балаларға ерекше назар аударып, қамқорлық, қолдау көрсету керек.
12. Әйел адамдардың рөлін нығайту мен оларға тең құқықтарды беру бүкіл әлем балаларына оң әсер етеді. Басынан бастап қыз балаларға тең қарым-қатынасты қамтамасыз етіп, оларға тең мүмкіндіктер беру керек.
13. Қазіргі таңда 100 миллионнан артық баланың негізгі орта білім жоқ, оның үштен екі бөлігі қыздар. Негізгі білім беру мен сауаттылықты қамтамасыз ету әлем балаларының даму мүддесінде жасалған маңызды үлес болып табылады.
14. Жыл сайын бала туумен байланысты себептерден жарты миллион ана көз жұмады. Барлық мүмкін құралдармен аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Негізгі назарды отбасы мүшелері санының саналы жоспарлауы мен бала туу арасындағы аралыққа аудару керек. Балалардың өсуі мен амандығының табиғи ортасы мен негізгі ұяшық болып табылатын отбасын қамқорлық пен көмектің барлық мүмкін түрлерімен қамтамасыз ету керек.
15. Барлық балаларға қауіпсіз әрі жағымды жағдайларда, олардың игіліктерін қамтамасыз етуші отбасы немесе қамқоршы ортада өздерін тұлға ретінде анықтау мен өз мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік туғызылу керек. Олар еркін қоғамда жауапкершілік өмірге дайын болу керек. Ерте жастан бастап олардың өз мемлекеттерінің мәдени өміріне араласуын көтермелеу керек.
16. Экономикалық жағдайлар бала тағдырына, әсіресе дамушы мемлекеттерде, ерекше әсер етеді. Барлық балалардың болашағы үшін барлық мемлекеттерде тұрақты және ұдайы экономикалық өсу мен дамуды қамтамасыз ету немесе жандандыру, сондай-ақ дамушы мемлекет-дебиторлар шалдығатын сыртқы қарыз мәселелерін жедел, түгелдей және ұзақ мерзімді шешілуіне аса назар аударуды жалғастыру қажет.
17. Бұл міндеттер барлық мемлекеттердің ұлттық деңгейдегі іс-шаралары мен халықаралық ынтымақтастық негізіндегі ұзақ және келісімді күштерді талап етеді.
Міндеттемелер
18. Балалардың амандығы ең жоғарғы дәрежедегі саяси шараларды талап етеді. Біз бұл шараларды қабылдауға әзірміз.
19. Осымен біз салтанатты түрде бала құқытарына, олардың өміріне, қорғанысы мен дамуына бірінші кезекте назар аудару бойынша өз мойнымызға міндеттеме аламыз. Бұл сондай-ақ барлық мемлекеттердің игілігін қамтамасыз етеді.
20. Біз халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, сондай-ақ жеке мемлекеттер дәрежесінде бірлесе отырып жұмыс жасауға келістік. Осымен біз мақсаты бала құқықтарын қорғау мен олардың өмірлерін жақсарту болып табылатын 10 тармақтан тұратын келесі бағдарламаға адалдығымызды білідреміз:
1) Мүмкіндігіне қарай Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау мен жүзеге асырылуын жылдамдатуға тырысамыз. Әр түрлі мемлекеттердегі сан алуан мәдени және әлеуметтік құндылықтарды ескере отырып, бала құқықтары туралы ақпарат беру бойынша бағдарламаларды бүкіл әлемде өркендету.
2) Барлық мемлекеттер мен барлық ұлттар арасында балалар денсаулығын нығайту, тууға дейінгі медициналық көмекті қамтамасыз ету және нәрестелер мен балалардың өлімін азайту мақсатында ұлттық және халықаралық деңгейде табанды шаралар қолдануға тырысамыз. Біз барлық қауымдағы бар балаларды таза сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жақсы тазалық жағдайларына қол жетімділікке қолдау көрсетеміз.
3) Өзінің барлық тұрғындарын асырай алатындай жағдайлары бар әлемде миллондаған баланы қайғылы азаптардан босататындай етіп, аштық, тоя жей алмауды жоюға бағытталған шаралар негізінде балалық шақта оңтайлы өсу мен дамуды қамтамасыз етуге тырысамыз.
4) Біз әйелдердің рөлі мен жағдайын нығайтуға мүмкіндік туғызамыз. Біз отбасы мүшелерінің санын жауапкершілікпен джоспарлау, бала туу арасындағы аралықты қамтамасыз ету, омыраумен емізу мен қауіпсіз аналыққа мүмкіндік туғызамыз.
5) Балаларды қамтамасыз етудегі отбасы рөлін құрметтеуге, ата-аналар, басқа қамқоршылар мен қауымдардың балалық шақтың ең ерте кезінен бастап жасөспірім кезге дейінгі балаларға тамақтану мен емдеудегі талпыныстарын қолдауға мүмкіндік туғызамыз. Біз сондай-ақ өз отбасынан айырылған балалардың ерекше қажеттіліктерін мойындаймыз.
6) Біз сауатсыздық деңгейін төмендетін және оның шығу тегі мен жынысына байланыссыз барлық балаларға білім алуға мүмкіндік жасайтын; балаларды еңбек қызметіне дайындайтын және кәсіби дайындық сынды жолдармен өмір бойы білім алуға мүмкіндік жасайтын; және балаларға қолдауды сезіне отырып, игі мәдение және әлеуметтік жағдайларда кәмелет жасқа жетуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды жүзеге асыруға тырысамыз.
7) Апартеид немесе шетел басқыншылығы, жетімдер мен қараусыз қалған балалар, еңбек етуші мигранттардың балалары; адамдар әрекеттерінен туындаған табиғи апаттар мен зілзалар құрбандары; мүгедек балалар және төмен әлеуметтік жағдайларда тұратын, қанауға душар болған, қатыгез қарым-қатынасқа ұшыраған балалар сынды аса ауыр жағдайларда өмір сүретін миллиондаған баланың жағдайын жақсартуға тырысамыз. Олар жаңа өмірде қалыптасуына босқын балаларға көмектесу керек. Біз жұмыс істейтін балалардың ерекше қамқорлығын қамтамасыз етуге және заңсыз бала еңбегін пайдалануды жоюға ұмтыламыз. Біз балалар нашақорлықты заңсыз пайдаланудың құрбаны болмауы үшін барлық мүмкін шараларды қолданамыз.
8) Балаларға бейбіт және қауіпсіз болашақты түгелдей қамтамасыз ету мақсатында болашақта қарулы қақтытығыстарды алдын алуға бағытталған шараларды қолдана отырып, балаларды соғыс апаттарынын қорғауға тапжылмай тырысамыз. Біз балаларды оқыту барысында бейбітшілік, түсіністік пен келісім мәнін үгіттейміз. Соғыс мерзімі мен зорлық әрекеттері жүріп жатқан аймақтарда балалар мен олардың отбасыларының негізгі қажеттіліктеріне кепілдік беру керек. Балалар мүдделерінде біз тыныштық мерзімдерін сақтау мен соғыс және зорлық әлі жалғасып жатқан жерлерде арнайы қауіпсіздік коридорларын жасақтауға шақырамыз.
9) Біз барлық деңгейлерде барлық балалар қауіпсіз әрі экологиялық сау болашақта өмір сүре алатындай етіп, бірлескен қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды қабылдауға тырысамыз.
10) Балалар амандығын қамтамасыз ету ісінде тікелей пайда әкелетін кедейлікке жаһандық шабуылды өркендетуге тырысамыз. Дамушы мемлекеттерде, әсіресе артта қалушы мемлекеттерде бірінші кезекте балалардың осалдығы мен ерекше қажеттіліктері назар аударуға лайықты. Бірақ өсу мен даму ұлттық және халықаралық келісім деңгейіндегі іс-шаралар негізінде барлық мемлекеттердің бірлескен әрекетін талап етеді. Бұл сәйкес қосымша ресурстардың дамушы мемлекеттерге берілуін, сондай-ақ анағұрлым әділетті сауда шарттарын, сауданың әрі қарайғы ырықтандыруы мен қарыз ауыртпалығын жеңілдету бойынша шараларды талап етеді. Бұл сондай-ақ осы уақытта халықтың едәуір осал секторларының, соның ішінде балалардың амандығын қамтамасыз ете отырып, әсіресе дамушы мемлекеттерде кең экономикалық өсуге ықпалдастық жасайтын құрылымдық қайта құруды қарастырады.
Әрі қарайғы қадамдар
21. Балалар мүдделері үшін жоғарғы дәрежедегі дүниежүзілік кездесу біздің алдымызға нақты шараларды қабылдау міндеттерін қойды. Біз осы шақыруды қабылдадық.
22. Біз іздеуге тырысатын серіктестер ішінде, біз бірінші кезекте балалардың өзіне жүгінеміз. Біз оларды осы талпыныстарды жүзеге асыруға қатысуға шақырамыз.
23. Біз сондай-ақ балалардың амандығын қамтамасыз етудегі жалпыға ортақ күш салулар шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің тарапынан, сондай-ақ басқа халықаралық және аймақтық ұйымдардың қолдауын табуыға тырысамыз. Біз осы саладағы ұлттық деңгейдегі және бірлескен халықаралық әрекеттерді жүзеге асырудағы ынталарға үкіметтік емес ұйымдардың кеңірек тартылуын шақырамыз.
24. Ұлттық және халықаралық деңгейдегі анағұрлым нақты шаралардың негізі болып табылатын Әрекеттер жоспарын бекітіп, іске асыруды шештік. Біз өзіміздің барлық әріптестерімізді осы жоспарды мақұлдауға шақырамыз. Біздің ұлттық жоспарларымыздың бөлігі болып табылатын осы міндеттемелерді жүзеге асыруға біз қаражат бөлуге дайынбыз.
25. Біз бұны тек қана қазіргі ұрпақтың емес, сондай-ақ болашақтағы барлық ұрпақтардың мүдделерінде жасап отырмыз. Әр балаға жарқын болашақты қамтамасыз етуден артық игі міндет болуы мүмкін емес.