Main content

Alert message

Өздігінен өмір сүру дағдысын қалыптастыру Қызметі

Ересек жастағы менталды және қосарланған бұзылыстары бар балаларының күтімі және оны қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге бүкіл өмірін арнаған ата-аналардың көпшілігі баласының одан ары өздігінен өмір сүруін көз алдыларына елестете алмайды. Осы жағдайдан туындаған мәселелердің арасында баласының күтімін қамтамасыз етіп отырған әке-шеше толыққанды жұмыс жасап, өмірде белсенді болып, біршама уақытқа бір жаққа шығып, өзіне уақыт бөле алмауы бар, сол себепті өмірде туындаған қиындықтармен жалғыздан-жалғыз күресуге тырысады. Бұндай жағдайлар жас тұлғаның өзі, оның ата-аналары, аға-інілері мен апа-қарындастары мен сіңлілеріне кері әсерін тигізеді, сол себепті олар қолдау мен көмекке, ортаның түсіністікпен қарауы және отбасындағы жағдайдың жақсаруына ерекше мұқтаж.

 

Өздігінен өмір сүру дағдысын қалыптастыру Қызметі 18 жастан асқан менталды және қосарланған бұзылыстары бар жастарға арналған. Бұл бағдарламаға қатысушылар қалыпты жағдайдағы азаматтардың арасындағы тұрғын үй кешенінің ішінде орналасқан «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры тегін түрде ұсынған әрі құрал-жабдықтармен толыққанды қамтамасыз еткен пәтер жағдайында өздігінен өмір сүру дағдысына ие бола алады. «Қорғалған тұрғын үй» жағдайында болып отырған жастар отбасынан тыс, өздігінен өмір сүруге дағдыланып, өзіне-өзі қызмет ету және өз бетімен тұру, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау және өмірде маңызды жағдаяттарда шешім қабылдау дағдыларына машықтанады.  Жастарды өздігінен өмір сүруге оқыту барысында әлеуметтік қызметкерлер, қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды бағалау бойынша мамандар, психолог пен қызмет жетекшісі қолдау көрсетіп, көмек атқарады.

Бағдарламаның қатысушылары ретінде 18 жастан асқан менталды және қосарланған бұзылыстары бар жастар бола алады.