«Менталды бұзылыстары бар тұлғалардың мәселелерімен айналысатын ұйымдардың желісін дамытуға ықпалдасу»
- Толығырақ
- Қаралды: 1398
Біздің пікірімізше бүгінгі күні медициналық-әлеуметтік мекемелерді деинституализациялау, баламалы қызметтерді ұйымдастыру, менталды бұзылыстары бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру және қоғамға кіріктіру өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Кейбір ҮЕҰ осы бағытта бастамашыл жобаларды жүзеге асыруда. Олар өз қызметтері мен жетістіктері туралы ақпаратты жергілікті және республикалық БАҚ-на не өздерінің сайттарына орналастыруда. Дегенмен ҮЕҰ-дың көпшілігі өздігінен әрекеттеніп, қызмет етіп отырған саласындағы әріптестерін білмейді, олардың қызметтері туралы ақпаратқа қанық емес, менталды денсаулығында бұзылыстары бар тұлғаларға қызметтер көрсетіп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға тырысып, өзге де қызметтерді ұйымдастыруға талпынуда. Азаматтық қоғамның біздің елдегі осы кезеңдегі дамуы барысында төмендегідей қажеттіліктер туындауда:
- менталды бұзылыстары бар тұлғаларды әлеуметтік тұрғыдан оңалту мәселелеріне әлеуметтің назарын аударту;
- менталды бұзылыстары бар тұлғаларды оңалту, әлеуметтік бейімдеу, кәсіби-еңбекке дайындау, жұмыспен қамтамасыз ету және қоғамға кіріктіру бойынша баламалы қызметтерді атқарып отырған ұйымдардың желісін құру;
- интернаттарға балама бола алатын қызметтерді дамыту мақсатында бар ұйымдардың күші мен ресурстарын шоғырландыру;
- желіге қатысушылардың тығыз қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігі;
- менталды бұзылыстары бар тұлғаларды кәсіби-еңбекке дайындау, әлеуметтендіру және олардың әлеуетін көтеру бойынша жаңа технологиялар мен әдістерді талдау, алға жылжыту және апробациядан өткізу;
- ортақ идеялар, ұсынымдар мен ынта-жігерді құзыретті мемлекеттік органдарға ұсыну.
Ұсынылып отырған жобаның төмендегідей мақсаты және міндеттері бар:
Мақсаты – менталды денсаулығында бұзылыстары бар тұлғаларды әлеуметтендіру, кәсіби-еңбекке дайындау және қоғамға кіріктіру бойынша баламалы қызметтерді атқаратын ұйымдардың желісін дамыту.
Міндеттері:
- деинституализациялау, менталды денсаулығында бұзылыстары бар тұлғаларды оңалту, әлеуметтік тұрғыдан бейімдеу, кәсіби-еңбекке дайындау және қоғамға кіріктіруге арналған баламалы қызметтерді ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ желісін ұйымдастыру;
- желіні дамыту бойынша ашық ақпараттық онлайн платформаны (сайт) құрып, қатысушы ұйымдардың барлық қызметтерімен таныстыру;
- менталды денсаулығында бұзылыстары бар тұлғаларды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдау, қоғамға кіріктіру және олардың толыққанды өмір сүруі мәселелері бойынша азаматтар мен кәсіби қауымдастықты ақпараттандыру.