Аутизмі бар балаларды білім беру ұйымдарына белгілеу бойынша әдістемелік ұсынымдар
- Толығырақ
- Жарияланды 07.02.2019 07:44
- Қаралды: 1385
1. Бұл ұсынымдар аутизмі бар балаларды білім беру ұйымдарында оқумен қамтуды белгілейді.
2. Бала аутизмі дегеніміз – туа пайда болған қарым-қатынас, әлеуметтік өзара әсер ету бұзылыстары мен қиындықтары, мінез-құлықтағы стереотипті жағдайлар түрінде байқалатын психикалық дамудың бұзылысы.
3. Аутизмі бар балалардың білім беру ұйымдарында білім алуы және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктері аутизмнің дәрежесіне қарай ажыратылады. Аутизмнің жеңіл түрлері бар балаларда ауыр түрдегі аутизмі бар балаларға қарағанда білімді меңгеруі мен әлеуметтік бейімделуі жоғары болуы мүмкін. Аутизмнің түрлеріне қарай психикалық дамудың ӛзіндік түрі мен ерекшеліктері жалпы және арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқу мүмкіндіктері мен болжамын белгілейді.