Main content

Alert message

«Аман келешек» V-ші мәдени-спорт фестивалі

        «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен «Жасөспірімдер мен жастардың әлеуетін инклюзивті шығармашылық арқылы қолдау» атты жобаны жүзеге асырып, ағымдағы жылдың наурыз айында аяқтады.

        Жобаның негізгі мақсаты –  білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің өздерінің құрбы-құрдастарымен бірігіп, инклюзивті орта құруы барысында ұлттық шығармашылықты дәріптеп, оны кең тарату. Осыдан туындайтын міндеттер:

  • қолданбалы өнер және қолөнері әдістері арқылы инклюзивті шығармашылық шеберханаларын ұйымдастыру;

 

  •  білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді құрбы-құрдастарының ортасына кіріктіріп, инклюзивті музыкалық (домбыра мен өзге де аспаптарда ойнау және халық әндерін орындау) және би шығармашылығы сабақтарын ұйымдастыру;   

 

  •   жобаға қатысушылардың баршасымен бірігіп, инклюзивті этнографиялық концерт-көрме ұйымдастыру.

        

Мақсатты топ ретінде түрлі бұзылыстары және қосымша зақымданулары бар балалар, жасөспірімдер мен жастар, олардың ата-аналары мен отбасы мүшелері, «ерекше» бауыры болғандығына байланысты алаңдаушылық кездері, онымен қоса айналасындағылармен қарым-қатынаста қиын жағдайды басынан кешіретін аға-інілері мен апа-сіңлілері/қарындастары белгіленген.

        2018 жылдың қыркүйек айының 15-нде біздің балалар мен жастар, педагогтар мен еріктілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған «Аман келешек» V-ші мәдени-спорт фестиваліне барды. Біздің Қорымыздың балалары мен жасөспірімдері, жастары мен еріктілері Шеберлер шеруі мен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты. Шара аясында мамандар мен педагогтар, жастар мен еріктілердің белсенді қатысуымен ұлттық-қолданбалы қолөнері бойынша көрме мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Олардың барысында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер киіз бен фетр, тері мен мата, жүн жіптер мен қалдық заттардан бұйымдар жасауға машықтанды. «Киіз басу», «әшекейлеу», «кестелеу», «безендіру» үдерістері біріккен жұмыс және әрекеттердің нәтижелерін бірден қолға алу сияқты жетістіктердің негізінде мықты психологиялық-эмоционалды әсер берді. «Дефектология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Психология» мамандықтары бойынша оқып жүрген Қыздар мемлекеттік педагогикалық универститетінің студенттері біздің балалармен 10 тақырыптық алаңды аралап, оларға белсене қатысып, отбасыларға қолдау көрсетіп, оның нәтижесінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары мен отбасы мүшелері «ARMAN DALA» балалар орталығының аумағында демалыс күнін өткізуге мүмкіндік алды.