Main content

Alert message

Дәрілік заттардың тиімділігі тұрғысынан клиникалық зерттеулер мәселесі

"Азамат әлеуеті" жеке қайырымдылық қорының президенті Сейсенова Алмагүл Дәулетқазықызы кешегі 24.kz телеарнасында тікелей эфирде дәрілік заттардың тиімділігі тұрғысынан клиникалық зерттеулер мәселелері бойынша сөз сөйлейді. Осыған байланысты келесі сұрақтарға жауап берілді:
- Кез келген клиникалық сынақ тәуекелдермен байланысты. Клиникалық зерттеулерге тартылатын азаматтар үшін кім жауапты? 
- Әрекетке қабілетсіз адам ақпараттандырылған келісім бере алмайды. Сонымен қатар, бала да. Барлық процестердің заңдылығының сақталуын кім қадағалайды?

https://24.kz/kz/telepoject/s-khbat/item/290051-s-khbat-almag-l-sejsenova

 

Халықаралық "Рақмет" айту күні (International Thank You Day)

Бүгінгі күн ең "сыпайы" күндердің бірі деп атауға болады. Біздің барлығымыз жақсы мәнердің мәнін, олардың күнделікті өмірде қажеттілігін жақсы түсінеміз, бірақ алғыстардың көп бөлігін олардың мағынасын ойламай, білмей, қалай білдіреміз. Алайда, алғыс сөздері сиқырлы қасиеттерге ие, олардың көмегімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлап, көңіл бөліп, оң эмоциялар береді, онсыз біздің өміріміз аз және қыңыр болар еді.

"Рақмет" деген сөз 16 ғасырда жиі айтылатын "Құдайым құтқар" сөз тіркесінен туылды деп саналады. Бір қызығы, ағылшын аналогының тамыры – Тһапк you-қарапайым алғыс әлдеқайда тереңірек кетеді.  Бұл әлемнің барлық тілдерінде айтылған орыс тіліндегі "рахмет" кез келген халықтың мәдениеті үшін өте маңызы бар екенін білдіреді. 

Психологтар алғыс сөздер – өз жылуымен тыныштандыруға және жылытуға қабілетті "ауызша айналу" екеніне сенімді. Ең бастысы алғыс сөздері шын жүректен айтылуы керек.

Серіктестердің алғысы

Былтырғы жылда жасалған жұмыстардың нәтижесі ретінде күні бүгінге дейін аумақтардан пошта арқылы алғыс хаттар алудамыз. Өткен жылы үлкен жұмыстар атқарылғаны барлықтарыңызға мәлім. Келер жыл үлкен мақсаттарды көздеп отыр. Барлық серіктестеріміз бен достарымызға алғыс айта отырып, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші жасап жатқан ортақ жұмысымыз бұдан да ауқымды және жоғары деңгейлерде болсын деп тілейміз.

Ізгі ниетпен, "Азамат әлеуеті" жеке қайырымдылық қоры.

Серіктестердің жаңа жыл мерекелік бағдараламасына қатысу

Жаңа жыл мерекесіне арнап біздің серіктестердің бірі Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің №2 психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға және он сегіз жастан асқан мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі меңгерушісі Шайхова Гүлнар Шайховнаны "Азамат әлеуеті" қорының өкілдерін бүгінгі іс-шараға шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.

Салтанатты іс-шараны Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев құттықтау сөзімен ашты.

Зәулім сарайда мерекелік дастархан жайылып, Аяз ата, Ақшақар және басқа да ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Балалар шыршаны айналып, ойындар ойнады, конкурстарға қатысып, көңіл көтерді. Бұл мерекені ұйымдастырған Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің барлық қызметкерлерінің, әсіресе әлеуметтік қызметкерлерінің қосқан еңбегі мен үлесі зор. Ата-аналар мерекелік іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстары шексіз.

Біз әріптестерімізге қоғамымызды игілігі үшін қайырымы мол істер жасау ниетінде табыстар тілейміз.

Жыл жетістігі

Біздің қор үшін осы жылдың ерекше оқиғасының бірі ұзақ жылдар өткен соң ұлының туған анасына оралуына байланысты маңызды оқиға болды. Әр адамның өмірінде өзгермелі сәттер болады, сол сияқты Шұғыланың өмір тарихы шешілмейтіндей  мәселемен бетпе-бет келеді. Біздің кейіпкеріміз он сегіз жыл бұрын кей жағдайларға байланысты өз баласын сәбилер үйінде қалдыруға мәжбүр болады. Баланың диагнозын анықтағаннан соң оны балалар психоневрологиялық интернат-үйіне тіркейді. Бірақ бұл әрекет ұзақ жылдар бойы анасының жүрегіне ауыр сыз болып бұл жағдаймен келісуге жол бермеді. Анасы ұлын көруге нтернатқа барып, демалыс күндері өзімен алып кетіп тұрды. Бір сәтте ол өз баласын қайтару үшін шешім қабылдайды және мұнда ол көптеген мәселелерге тап болады. Тағдырдың еркі бойынша Шұгыла қолдау іздеп барлық ықтимал инстанциялар мен ұйымдарға жүгінеді. Әрине, "Азамат әлеуеті" жеке қайырымдылық қоры және біздің серіктестеріміз "Аман-саулық" ҚҚ, Amnesty International және Human Rights, Айгүл Шәкібаева, Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы сияқты мекемелердің бірігей күш-жігерімен Шұғыла әртүрлі қолдау мен заңнамалы кеңестер алды. Сол арада уайымда, көз жасыда, түсінбеушілік сияқты жағдайлар көп болды, бірақ ауыр жол кешседе, Шұғыла соңына дейін жетеді. Ол араға бір жыл салып ұлын өз қамқорлығына алады. Шәріп басында өте тұйық мінезді жігіт болып көрінді. Аз уақыт ішінде туған-туысқандарымен жақындарының ортасында болғын Шәріп тез арада жақсы жаққа қарай өзгеріп келеді, жүрген жерінде жарқсын жүзді, әңгімені қуана қолдап, өз ризашылығын білдіріп жатқаны бізді қатты қуантып келеді. Суретте біз көңілді Шәріпті көріп тұрмыз.

Шұғыла ананың алғысы шексіз, Шәріп өз алғысын  күлімдеген жүзімен жылы құшағы арқылы білдіріп келеді. Біздің қор Шәріптің осындай іс-шараларға қатысуы арқылы әлеуметтендіруге және қоғамға бейімделуге белсенді жәрдем көрсетуде.

Құрметті Шәріп, жаңа жыл саған және жақындарыңа көп қуанышты сәттер әкелсін деп тілейміз.