Main content

Alert message

Серіктестердің жаңа жыл мерекелік бағдараламасына қатысу

Жаңа жыл мерекесіне арнап біздің серіктестердің бірі Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің №2 психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға және он сегіз жастан асқан мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі меңгерушісі Шайхова Гүлнар Шайховнаны "Азамат әлеуеті" қорының өкілдерін бүгінгі іс-шараға шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.

Салтанатты іс-шараны Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев құттықтау сөзімен ашты.

Зәулім сарайда мерекелік дастархан жайылып, Аяз ата, Ақшақар және басқа да ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Балалар шыршаны айналып, ойындар ойнады, конкурстарға қатысып, көңіл көтерді. Бұл мерекені ұйымдастырған Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің барлық қызметкерлерінің, әсіресе әлеуметтік қызметкерлерінің қосқан еңбегі мен үлесі зор. Ата-аналар мерекелік іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстары шексіз.

Біз әріптестерімізге қоғамымызды игілігі үшін қайырымы мол істер жасау ниетінде табыстар тілейміз.