Main content

Alert message

«Әртүрлі-Тең: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру»

         Дара қорының «Әртүрлі-Тең: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасы аясында Маңғыстау облысы Құрық кентіндегі 4 аудандық мектеп базасында және Ақтау қаласындағы №6 мектеп базасында оқыту мастер-класс/семинарлар топтамасы өткізілді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Құрық кентінің 4 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істей бастайды.
       «Азамат әлеуеті» ЖҚҚ Президенті, түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының аға ғылыми қызметкері Сейсенова Алмагүл Дәулетқазықызы осы жобаға мамандарға және ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына инклюзивті білім беру мәселелері жөнінде нормативтік-құқықтық базасы бойынша оқыту және кеңес жүргізу мақсатында шақырылды. 
        Өткізілген кездесулер мамандар мен ата-аналар тарапынан үлкен қызығушылықпен өтті, сондай-ақ оқыту және кеңес беру жұмыстары нәтижелі жүргізілді деп айтуға болады.

 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен дөңгелек үстел

Бүгін, маусым айынының 20-да Л.Н. Гумилев атынағы Еуразия ұлттық университетінде Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер мен еріктілер Қауымдастығы және «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры сияқты серіктестердің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз өмір: Қазақстанда және бүкіл әлемде менталды бұзылыстары бар адамдар» атты «дөңгелек үстел» өтті.

Дөңгелек үстелде психикалық науқастары және менталды бұзылыстары бар тұлғалардың тәуелсіз өмір сүруіне қажет баламалы қызметтерді бүкіл ел аумағында жүзеге асыруға әрі жүйені бұдан ары жаңартуға бағытталған жобаларды дамыту бойынша ҮЕҰ сараптамашыларының ұсыныстары талқыланды.

Қоғамдық ұйымдардың сараптамашылары дайындаған нормативтік құжаттардың жобалары талқыланып тұсаукесерлері жасалды: менталды бұзылыстары бар тұлғаларды қолдау арқылы жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтендіру және өмір сапасын жақсарту бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер стандарты, онымен қоса Алматы облысының Қарабұлақ ауылында апробациядан өткен «Кейс менеджмент – психикалық науқасы бар тұлғаларды әлеуметтендіру» атты технологиялар; тәуелсіз және қолдау арқылы жеке өмір сүруді ұйымдастыру бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер стандартының жобасы; психикалық науқасы бар тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтерді атқару бойынша мамандарды дайындау.  

Шара барысында менталды бұзылыстары және психикалық науқасы бар тұлғаларға қазіргі заманғы қызметтерді көрсету бойынша халықаралық және қазақстандық тәжірибелер туралы бейнефильмдер көрсетілді. Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы және Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік органдар басшылары мен мамандары, ҮЕҰ-дың  сараптамашылары, әлеуметтік іскерлер, ЖОО-ның оқытушылары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында өткізілген пікірталаста келесі сұрақтар талқыланды:

Кудиярова Анна Мергенбайқызы, Орталық Азия психоанализ институтының директоры, «Тренинг кафе» және «Қамқор Отау» жобаларының супервизоры, «Алматы қ. № 1 және № 2 ОСҚБ бұрынғы клиенттерінің тәуелсіз өмірін ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру және әлеуметтендіру бойынша пилоттық жобалардың тәжірибесі туралы» әңгімеледі. Стандарттар жобаларын бағалау және жақсарту бойынша ұсыныстар айтты.

Психоәлеуметтік оңалту орталығының меңгерушісі Уашева Айжан Кайргельдиновна (Нұр-Сұлтан) «Менталды бұзылыстары бар тұлғаларды психоәлеуметтік оңалту ерекшеліктері» туралы Нұр-сұлтан қаласындағы Психоәлеуметтік оңалту орталығының мысалында тәжірибесімен бөлісті.

Аскеров Эмин, әлеуметтік кәсіпкер «Әлеуметтік кәсіпкерлік – ерекше адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу тәсілі ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

«Ізгілік шуағы» ҚБ төрағасы Найля Хасенқызы Бүркібаева «Менталды бұзушылықтары бар тұлғаларды қолдау мәселелері туралы» айтты.

Сарбасова Сауле Багауовна, пед.ғ.к., әлеуметтік жұмыс және туризм кафедрасының доценті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Нұр-Сұлтан) «Психикасы бар тұлғаларға арнайы қызмет көрсету үшін әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар даярлаудағы психиатрия және әлеуметтік жұмыс кафедраларының өзара іс-қимыл мәселелері туралы» әңгімеледі.

             Іс-шара соңында дөңгелек үстел қатысушылары арасында қызу талқылау жұмыстары және пікір алмасу өткізілді.

 

Жастардың әлеуетін арттыруда ұйымдастырылған іс-шара

Бүгінгі күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «Тәуелсіз өмір: Қазақстанда және әлемде менталдық бұзылыстары бар адамдар» атты өткен іс-шара тақырыбына орайластырып біздің қордың ашылуына бірден бір себепкер болған тұлға, Азамат туралы айтқымыз келіп отыр. Азаматтың қор қызметіне деген жауапкершілігі аса жоғары деңгейде байқалады. Денсаулық жағдайына қарамастан ұйымдастырылған іс-шараларға өзі жеке қатысуға әрдайым тырасып жатады. «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының қызметі біздің Азамат сияқты жастардың әлеуеттерін көтеруге бағытталған. Бүгінде Азамат Павлодар қаласында өткен дөңгелек үстелде Екібастұздан келген Сағындық досымен жүздесіп аса көтеріңкі күйде болуда. Ерекше тұлғалардың ата-аналары мен бауырлары да біздің қордың жақын достары әрі жанашырлары.

Дөңгелек үстел барысы БҰҰ Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясын және Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Жұмыспен қамту туралы» Заңдарын іске асыру мақсатында Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен «Азамат Әлеуеті» ЖҚҚ және Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер мен еріктілер қауымдастығы ҚБ сарапшылар тобы, бүгін мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және Павлодар облысының мүгедектігі бар балалар ата-аналарының бастамашыл топтары өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге – «Самал» қоғамдық ұйымының өкілі және біздің серіктестер «Альрами» клубтық үйі ҚБ жетекшісі қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар арасында қызу пікір алмасу және талқылау өтті.

«Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры өз тарапынан осындай бағытта көптеген жобаларды іске асырылып жатыр. Азаматты мысалға алатын болсақ, біздің құрылтайшы Қазақстан аумағында ғана емес шет елдегі іс-шаралардан қалыс қалмауға тырысады, осыны әлеуеттілік демей не дейміз. Литва, Ресей сиякты елдерде болып, өз қорының қызметімен таныстырып, тәжірибе алмасып жүр. Мысалға, өткен аптада Ақтөбе қаласында болған дөңгелек үстелге қатысып келсе, бүгінде Павлодар қаласында болып жатқан іс-шараға қатысуда, одан кейін Нұр-Сұлтан қаласына бет алып сол жерде өтетін шараға қатысуы жоспарланған. Сол себепті Азаматтың өмірі толыққанды және көптеген кездесулерге толы. Оған қоса Азамат фэйсбук әлеуметтік желісінде өз ой-пікірімен бөлісіп, жеке парақшасын жүргізіп отырады. Осы орайда Азаматқа жан-жақты қолқанат және жәрдемші болып жүрген ата-анасымен бауырының үлестері орасан зор. Азамат бұл орайда өте бақытты жан.

Азаматқа зор денсаулық, жақындарымен бірге өткізген шаттыққа толы күндері көп болсын дей отыра, қор қызметіне қосып жүрген үлесі жемісті болып, көптеген табыстарға жетуіне тілектеспіз!

 

«Тәуелсіз өмір: Қазақстан мен әлемде менталдық бұзылыстары бар адамдар» тақырыбында дөңгелек үстел

12 маусым күні Ақтөбе қаласында «Тәуелсіз өмір: Қазақстан мен әлемде менталдық бұзылыстары бар адамдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Ақтөбе қаласы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары мүгедектігі бар балалардың мемлекеттік органдары, ҮЕҰ өкілдерінің және ата-аналарының бастамашыл топтарының қатысуымен өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы «Ізгілік шуағы» ҚБ жетекшісі Н.Буртибаева (Ақтөбе қ.). Іс-шараның бастамашылары ретінде «Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер мен еріктілердің қауымдастығы» ҚБ президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Д.Хакимжанова, «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының Президенті, ментальдық денсаулық саласындағы ҮЕҰ коалициясының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер, Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының аға ғылыми қызметкері А.Д. Сейсенова және «Азамат әлеуеті» ЖҚФ тең құрылтайшысы Азамат Тәжімұрат сөз сөйледі. Алмагүл Даулетқазықызы «Менталдық бұзылыстары бар тұлғалардың тәуелсіз ересек өмірі» атты баяндамамен сөз сөйледі, оның барысында ересектердің өмір сүру кезеңіндегі менталдық бұзылыстары бар тұлғалардың өзекті мәселелері, кәсіби-еңбек дайындығы және өз бетінше өмір сүру дағдыларын дамыту мәселелері туралы айтты. Хакимжанова Г. Д. мен Сейсенова А. Д. Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен әзірленген, ақыл-ойы бұзылған және психикалық аурулары бар мүгедектердің еңбек ету және интернаттардан тыс тәуелсіз өмірге құқықтарын қамтамасыз етуге арналған стандарттар жобаларын таныстырды.

Баяндамашылардың сөздерінен кейін қатысушылар пікір алмасуға және талқылауға белсенді қатысты. Сондай-ақ, аталған дөңгелек үстелде менталдық және өзге де бұзушылықтары бар жасөспірімдер мен ересек адамдардың ата-аналары да қатысты. Іс-шара басталмас бұрын «Қазақстан Ақтөбе» және «Рика ТВ» телеарналарының, «Үш таған» журналының және «Актюбинский вестник» газетінің журналистері спикерлерден сұхбат алып, іс-шара барысында талқыланатын өзекті мәселелер шеңберін нақтылады. Өткізілген дөңгелек үстелден кейін жергілікті БАҚ журналистері Алмагүл Дәулетқазықызы мен Қордың серіктестерін «Ақтөбе Қазақстан» телеарнасында өтетін «Қайырлы таң!» эфиріне шақырды. Тікелей эфир кезінде көптеген сұрақтар түскен себептен жергілікті журналистер Алмагүл Даулетказықызын «Кездейсоқ кездесу» бағдарламаға шақырды, оның барысында балалардың, жасөспірімдердің және мүгедек балалардың оңалту, әлеуметтік бейімдеу, түзету, психологиялық қолдау, кәсіби-еңбек дайындығы мен өз бетінше өмір сүруіне қатысты сұрақтар қойылды.

Ақтөбе облысына сапар барлық тараптарға сәйкес өте жемісті және пайдалы өтті.

 

«Бір сұрақ» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар

           6 маусым күні сағат 18.45-де Еуразия арнасында, көптің көкейінде жүрген мың сауалға жауап іздейтін алаң – «Бір сұрақ» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар.

        Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі балалардың церебральді сал ауруы жайында болмақ. Осы саланың жілігін шағып, майын ішкен майталмандар мен оған бей-жай қарай алмайтын қарапайым халық талқылайды.

   Бағдарламаға "Азамат әлеуеті" Жеке Қайырымдылық Қорының Президенті Сейсенова Алмагүл Дәулетқазықызы қатысады. Халықтың көкейіндегі мәселелерді қоғам назарына ұсыну арқылы, оны шешудің жолдары да қарастырылады. Мұң зарын құзырлы органдарға жеткізе алмай, әділдік іздеген жандардың "Азап пен үміт" тақырыбында айтылатын болады. 
          Эфир уақыты: Бейсенбі, 18.45.