Main content

Alert message

Нұр-Сұлтан қаласында өткен дөңгелек үстел

Бүгін, маусым айынының 20-да Л.Н. Гумилев атынағы Еуразия ұлттық университетінде Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер мен еріктілер Қауымдастығы және «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры сияқты серіктестердің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз өмір: Қазақстанда және бүкіл әлемде менталды бұзылыстары бар адамдар» атты «дөңгелек үстел» өтті.

Дөңгелек үстелде психикалық науқастары және менталды бұзылыстары бар тұлғалардың тәуелсіз өмір сүруіне қажет баламалы қызметтерді бүкіл ел аумағында жүзеге асыруға әрі жүйені бұдан ары жаңартуға бағытталған жобаларды дамыту бойынша ҮЕҰ сараптамашыларының ұсыныстары талқыланды.

Қоғамдық ұйымдардың сараптамашылары дайындаған нормативтік құжаттардың жобалары талқыланып тұсаукесерлері жасалды: менталды бұзылыстары бар тұлғаларды қолдау арқылы жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтендіру және өмір сапасын жақсарту бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер стандарты, онымен қоса Алматы облысының Қарабұлақ ауылында апробациядан өткен «Кейс менеджмент – психикалық науқасы бар тұлғаларды әлеуметтендіру» атты технологиялар; тәуелсіз және қолдау арқылы жеке өмір сүруді ұйымдастыру бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер стандартының жобасы; психикалық науқасы бар тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтерді атқару бойынша мамандарды дайындау.  

Шара барысында менталды бұзылыстары және психикалық науқасы бар тұлғаларға қазіргі заманғы қызметтерді көрсету бойынша халықаралық және қазақстандық тәжірибелер туралы бейнефильмдер көрсетілді. Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы және Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік органдар басшылары мен мамандары, ҮЕҰ-дың  сараптамашылары, әлеуметтік іскерлер, ЖОО-ның оқытушылары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында өткізілген пікірталаста келесі сұрақтар талқыланды:

Кудиярова Анна Мергенбайқызы, Орталық Азия психоанализ институтының директоры, «Тренинг кафе» және «Қамқор Отау» жобаларының супервизоры, «Алматы қ. № 1 және № 2 ОСҚБ бұрынғы клиенттерінің тәуелсіз өмірін ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру және әлеуметтендіру бойынша пилоттық жобалардың тәжірибесі туралы» әңгімеледі. Стандарттар жобаларын бағалау және жақсарту бойынша ұсыныстар айтты.

Психоәлеуметтік оңалту орталығының меңгерушісі Уашева Айжан Кайргельдиновна (Нұр-Сұлтан) «Менталды бұзылыстары бар тұлғаларды психоәлеуметтік оңалту ерекшеліктері» туралы Нұр-сұлтан қаласындағы Психоәлеуметтік оңалту орталығының мысалында тәжірибесімен бөлісті.

Аскеров Эмин, әлеуметтік кәсіпкер «Әлеуметтік кәсіпкерлік – ерекше адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу тәсілі ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

«Ізгілік шуағы» ҚБ төрағасы Найля Хасенқызы Бүркібаева «Менталды бұзушылықтары бар тұлғаларды қолдау мәселелері туралы» айтты.

Сарбасова Сауле Багауовна, пед.ғ.к., әлеуметтік жұмыс және туризм кафедрасының доценті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Нұр-Сұлтан) «Психикасы бар тұлғаларға арнайы қызмет көрсету үшін әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар даярлаудағы психиатрия және әлеуметтік жұмыс кафедраларының өзара іс-қимыл мәселелері туралы» әңгімеледі.

             Іс-шара соңында дөңгелек үстел қатысушылары арасында қызу талқылау жұмыстары және пікір алмасу өткізілді.