Main content

Alert message

«Мама Про» Тренинг орталығының тұсаукесерінде

2019 жылдың мамыр айының 29-ы күні «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының Президенті А.Д. Сейсенова мен Қор құрылтайшысы Азамат Тәжімұрат «Мама Про» Қоғамдық қорының шақыруымен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерге арналған Тренинг орталығының тұсаукесеріне қатысты.

Шараға «Мама Про» Қоғамдық қорының негізін қалаушылар мен серіктестері, донорлық ұйымдар, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және халықаралық миссиялардың өкілдері, ҚазақстанРеспубликасындағы дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша жаңа орталық құру «Мама Про» қоры қызметінің географиясын кеңейтуге және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпалдасады. Іс-шара аясында Қордың қызметі, ағымдағы және болашақ жобалар, сондай-ақ «Мама Про» тренингтік орталығының оқыту бағдарламасына қатысты тұсаукесер көрсетілді. Алматы филиалының бірінші кезектегі дәрістерін бітірушілер өздерінің бизнес идеяларын бұқараға ұсынды. «Мама Про» өз тәжірибесімен бөлісуге және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарды шабыттандыруға, өздерінің өршіл жоспарларын іске асыруға және Қазақстанның басқа өңірлерінде осыған ұқсас орталықтар құруға мүмкіндік бар екенін, сондай-ақ әрбір ана мүгедектігі бар баланы оңалту өзін оңалтудан басталатынын түсінеді және дәлелдейді.

Серіктестерімізге алғыс білдіре отырып, өз кезегімізде жұмыстарына табыс пен Қордың гүлденуіне тілектестігімізді білдіреміз.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары бойынша Халықаралық жазғы мектепке катысу байқауы

Назар аударыңыздар, байқау!

«Қайрат Иманалиев атындағы мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың құқықтары жөнінде Комиссия» ҚБ-і Ашық Қоғам Қорларының қолдауымен және Мүгедектігі бар адамдардың Халықаралық Альянсымен (International Disability Alliance) серіктестік жағдайда 2019 жылдың шілде айының 29-нан тамыздың 2-не дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтары бойынша II Халықаралық Жазғы Мектепті ұйымдастырып, өткізеді.

Бес күн барысында отыз бес қатысушы мүгедектігі бар адамдардың құқықтары үшін халықаралық қозғалыстың өкілдері – белгілі құқыққорғаушылар және сараптамашылардың жетекшілігімен БҰҰ-ның «Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы» Конвенциясы (МбАҚтК) мен БҰҰ-ның Тұрақты даму Мақсаттарының (ТДМ) ережелері негізінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мен алға жылжыту саласында жаңа білімдер алып, оларды күнделікті жұмыстарында қолдану дағдыларына ие болады. Онымен қоса МбАҚтК мен ТДМ бір-біріне қалайша қолдау көрсететінін түсініп, оларды жүзеге асыру үдерісін мониторингтен өткізу құралдары мен техникаларын біледі. Қатысушылар БҰҰ-ның «Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы» Конвенциясының жаңашыл жақтарымен танысып, адвокация, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және оны тиімді түрде жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты жинақтау салаларында әлеуетін көтереді.

Биылғы жылы жобаға Қырғызстан, Тәжікстан, Украина және Белоруссия мемлекеттерінен келетін қатысушылар қосылады, бұл жағдай мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласында өзге елдердің жинақтаған тәжірибесімен алмасуға мол мүмкіндік береді.

Жазғы Мектептің Тренерлары ретінде халықаралық сараптамашылар болады:

1. Гунта Анча (Мүгедектік бойынша Еуропалық Форум);

2. Янина Арсеньева (СпинаБифида және Гидроцефалия мәселелері бойынша Халықаралық Федерация).

Қазақстанның тарапынан қатысушыларға талаптар:

Жазғы мектепке қатысуға бірінші кезекте мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын алға жылжытуға белсенді түрде қатысушы мүгедектігі бар адамдар шақырылады. Онымен қоса осы шараға қатысуының негізгі мақсаты ретінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау болып табылатын мүгедектігі бар адамдардың отбасы мүшелерінен келген тапсырыстар қолдау табады. Мүгедектігі бар адамдардың ұйымдарының қызметкерлері де тапсырыс бере алады.

Қатысушылар адам құқықтары мен бостандықтары тақырыбы, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары саласында негізгі халықаралық құжаттардың басты ережелерін біледі деген тұжырым болжанады. Қатысудың басты көрсеткіші ретінде алған білімдер мен икемдерді практика жүзінде қолдану мүмкіндігі белгіленген.

Жоғарыда аталғандармен қатар төмендегі жағдайлар негізге алынады:

- адам құқықтарын қорғау идеясына шынайы қызығушылық және адам құқықтары саласында негізгі білім;

- зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдысы және құқық қорғау жобаларын жүзеге асыру;

- адам құқықтарын қорғаумен байланысты қызметке бұған дейін қатысу тәжірибесі, сонымен қоса ағылшын тілін білу.

Назар аударыңыздар! Өкінішке орай, былтырғы Жазғы Мектепке қатысушылар байқауға қатыса алмайды.

Қатысушыларды іріктеу тәртібі:

Қатысушыларды іріктеу екі кезеңде өтеді:

- I-кезең: байқауға қатысу тапсырыстарымен танысып, іріктеу;

- II-кезең: сараптамашылар комиссиясының мүшелерімен жеке сұқбат.

Қатысушыларды тапсырыстар мен сұқбат негізінде сараптамашылар комиссиясы анықтайды; онымен қоса гендерлік теңдік көрсеткіштері және қызмет түрлерінің түрлілігі ескеріледі; басқа да тең жағдайларда мүгедектігі бар талапкерлердің тапсырыстарына басымдылық беріледі (1), ең осал топ және байқалмайтын мүгедектігі бар талапкерлерге көңіл аударылады (2) және өңірлерден келген тапсырыстарға ерекше назар болады (3). Қажет болған жағдайда ұйымдастырушылар тапсырыс берушіден осы байқауға қатысумен байланысты қосымша ақпарат сұратуы мүмкін.

Жазғы Мектепте қатысумен байланысты барлық шығындар жол жүру, трансфер, тұру, үш реттік тамақтануды ұйымдастырушылар тарапынан. Ұйымдастырушылар мүгедектігі бар тұлғаларға шараның қолжетімділігі мақсатында барынша барлық жағдайларды (кедергісіз орта, материалдардың қолжетімділіг т.б.) жасауға тырысады.  

Тапсырысты онлайн түрде 2019 жылдың маусым айының 14-не дейінгі сағат 23.59-ға дейін http://tandau.tilda.ws/zayavka-ls сілтемесі бойынша толтыру керек. Осы мерзімнен кейін келген тапсырыстар қарастырылмайды. Тапсырыстарға рецензия берілмейді және олар қайтарылмайды.

Байқауды ұйымдастырушылар сапалы тапсырыстарды алуға мүдделі болғандықтан тапсырыс берушілер байқаудың шарттары туралы нақтылаушы сұрақтарды +77758881818 WhatsApp нөмірі бойынша Гульжан Амангельдиноваға дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 12:00-ге дейін және 13:00-ден 18:00-ге дейін бере алады.

Халықаралық мүгедектер құқығы үшін күрес күні

              Қазақстанда 2011 жылдан 2020 жылға дейін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «Қолжетімді орта»мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарлама халықтың аз мол топтары кедергісіз қозғалуы үшін қалалық объектілер, аумақтар мен қоғамдық көліктердіңқызмет көрсетуі тиісті талаптар мен шарттардың жиынтығы болып табылады. Біздің елімізде әртүрлі мүгедектік топтары бар адамдар тұрады, сондықтан олардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін «Қолжетімді орта» бағдарламасы міндетті түрде іске асырылуы тиіс.
             Бағдарлама кедергісіз орта құруды, мүгедектігі бар тұлғаларды сараптау және оңалту жүйесін жетілдіруді, мүгедек адамдардың өмірінін түрлі салаларға, соның ішінде білім беруге, спортқа, мәдениетке, қоғамдық өмірге қосуды көздейді.
            Халықаралық мүгедектер құқығы үшін күрес күні жыл сайын еліміздің көптеген қалаларында «Мүгедек – қоғамның тең мүшесі» акциясы, сондай-ақ мүгедектердің қалыпты толыққанды өмір сүру құқығын қорғауға бағытталған басқа да көптеген қайырымдылық және ағартушылық іс-шаралар, арнайы конференциялар мен жыиндар өткізіледі.
             Бүгінде Қазақстанда 680 мың мүгедек тұрады. Бұл халықтың жалпы санының 3,7% құрайды. Оның ішінде-417,9 мың – еңбекке қабілетті жастағы, жұмыс істейтіндер-111,5 мың адам.
             Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтуға мемлекеттік жәрдемдесу шаралары шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгіленді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша квота 19,1 мың мүгедектігі бар адамды құрады, 4 891 адам жұмысқа орналастырылды.
            2019 жылы квоталау аясында 5 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
            Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдар халықтың басқа да осал топтарымен қатар, өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына басым тәртіппен қатысуға құқылы.
             2019 жылдың 1 қаңтарына сай Бағдарламаға қатысушылар құрамына 18,9 мың мүмкіндігі шектеулі тұлғалар енгізілді, бұл бағдарламаға қатысушылардың жалпы санының 2,8% - ын құрайды, оның ішінде 16,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.
             2019 жылы бағдарлама аясында 16 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Қазақстан халқының бірлігі күні

           «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 140-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда​ дәстүр мен​ салтқа толы түрлі көріністер көрсетеді. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.​ Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!

«Инклюзивті білім беру: теория, практика, тәжірибе» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

            ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірге 2019 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Инклюзивті білім беру: теория, практика, тәжірибе» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізіп жатыр.
          Конференцияда инклюзивті білім берудің дамуына байланысты өзекті теориялық және практикалық мәселелер қарастырылуда.
         Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі білім беру және оқыту ұйымдары, жалпы білім беретін және арнайы мектептер) педагогтері, ЖОО және колледж оқытушылары, білім басқармаларының (бөлімдерінің) инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін мамандары, ҚР Білім және ғылым министрлігіне бағынысты ведомстволық ұйымдарының, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылды.
        Конференцияның басты мақсаты инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті сұрақтарын талқылау, мәселелерді шешу жолдарын іздеу үшін диалогтік алаң құру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшыларына мен педагогтеріне арналған мастер-класстар негізінде практикалық тәжірибе алмасу болып табылады.
Конференцияның бағыттары:
 Халықаралық қоғамдастықта инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық аспектілері;
 Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар мен әдістемелер: тәжірибе және табысты практика;
 Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында инклюзивтілік принциптерін жүзеге асыру;
 Үздіксіз инклюзивті білім беру – жоғары инклюзивті мәдениет қоғамын қалыптастырудың шарты ретінде.
Конференция барысында келесі тақырыптар бойынша мастер-класстар өткізілді:
1. Инклюзия жағдайында жалпы білім беретін мектепте тиімді әдістемелерді қолдану.
2. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру аспектілері.
3. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда жекеленген және сараланған тұғырларды қамтамасыз ету.
4. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында педагогикалық коучинг
5. Білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру.
       Конференция жұмысында филол. ғ.к., доцент, заңгер, Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері, «Азамат әлеуеті» ЖҚҚ президенті Сейсенова А.Д. «Еерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды құқықтық қолдау» атты тақырыпта баяндама жасады.