Main content

Alert message

Жалағаш пен Сырдария аудандарындағы кездесулер

          Наурыздың 30-ы күні сарапшылар тобы Жалағаш ауданында болып, жергілікті жерде орналасқан № 202 мектепте ПМПК мен ППТК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары және заңды өкілдері, жалпы мектептердің ұстаздары және арнайы педагогтардың қатысуымен кездесуге қатысты. Шара барысында ата-аналар мен ұстаздар қауымы сұрақтар қойып, өзекті мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіре алды. 
           Сол ауданда қызмет етіп отырған Психологиялық-педагогикалық-медициналық кеңес пен Психологикалық-педагогикалық түзету кабинетінің басшылары мен мамандары Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталағының негізіндегі біліктілікті арттыру курстарынан өткендіктен, әріптестерді танып, қонақжайлық танытып, қарсы алды. ПМПК басшысы Купаев Алмас Едилбайұлы, ППТК меңгерушісі Абдрахманова Роза Сейтканқызы бұл ауданда табысты жұмыс атқарып отырғанын байқата білді. Әріптестер № 202 мектепте орналаскан Психологикалық-педагогикалық түзету кабинетін аралатып, мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіліп жатқанын айтып, 2 жыл көлемінде қандай жұмыс атқарылып, нендей жетістікке жеткендерін көрсете білді. Ол жерде жас мамандар, психологтар мен арнайы педагогтар жұмыстарымен таныстырып, сәуірдің 2-күні аталып өтетін аутизм мәселесіне байланысты жұмыстары бойынша бейнебаяндар түсіріп, оларды экранға шығарып, көрсетіп, Хуршид Зайнутдиновпен өзара пікір алмасты. Қор басшылары өз тарапынан мамандармен бірге жұмыс барысын талқылап, қазіргі таңда қолданатын әдістемелерді ортақтасып, бөлісе алды. 
        Сол күні түстен кейінгі уақытта Алмагүл Дәулетқазықызы Сырдария ауданындағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы ауылда мектеп мұғалімдері арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, үйден оқыту, инклюзивті білім беру, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты арнайы бағдарламалар, басқа да жұмыстар бойынша көптеген ақпарат берді. Бірнеше ақпарат қайнар көздерін атап өткен жөн деп есептейміз: Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы, "ӘБЕО" орталығы ЖШС-і, (ТОО Центр "САТР"), «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының сайттары. Ақпараттық-мәлімдеу және ағарту жұмыстарының нәтижесінде мамандар мен ата-аналар, ұстаздар мен барлық мүдделі тұлғалар ақпарат алатындай жағдайда болды, жалпы өңірдегі іссапар табысты өтті, нәтижелі болды деп есептейміз. Облыстағы 5 ауданның негізінде біраз мәселелер талқыланып, педагогтар, ата-аналар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу барысында елде бар мәселелерге қанық болдық, барлық шараларға қатысушыларға түсініктеме жұмысын жүргізе алдық. ҮЕҰ өкілдері және мемлекеттік органдар мамандары мен басшылары еліміздегі қай мекемеде қандай қызмет атқарылып отырғаны туралы ақпаратпен танысып, жалпы мектеп мұғалімдері мен арнайы педагогтар арасында үлкен сұхбат орнатылды, соның өзі барлық нәтижелі жұмыстың дәлелдемесі деуге болады. Ата-аналар мен заңды өкілдер заңгер Алмагүл Сейсеновадан өздігінен жеке кеңес алуға тырысты, мүгедектікті анықтау, мүгедектік барысында қосымша қызметтерді белгілеу, үйден оқыту, инклюзивті түрде білім алу басқа да мәселелер бойынша талқылаулар молынан болды.