Main content

Alert message

Денсаулық сақтау саласындағы адам құқықтары

Адам құқықтары.pdf

Осы Нұсқаулықта емделушілердің құқықтары және медициналық көмек көрсететін тұлғалардың құқықтары бірлесетін медициналық көмек көрсету саласындағы адам құқықтарының тұжырымдамасы қарастырылады. Медициналық көмек көрсету саласындағы адам құқықтарының тұжырымдамасы медициналық-санитариялық көмек көрсету үдерісінің барлық қатысушыларына қатысты адам құқықтарының негізгі қағидаларын қолдануға қатысы бар. Адам құқықтарының бұл ортақ қағидаларын Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, Адам құқықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенция және Еуропалық әлеуметтік хартия сияқты халықаралық және өңірлік құжаттардан табуға болады. Бұл құқықтар ортақ болып табылады және медициналық көмек көрсету саласы болсын, кез келген басқа салада да қолданыла алады.

Айрықша қажеттілігі бар балаларды институттау мәселесіндегі дәрігерлік этика факторы

«Азамат әлеуеті» қорының президенті Алмагүл Сейсенова 31 қаңтар күні Астана қаласында өткен «Айрықша қажеттілігі бар балаларды институттау мәселесіндегі дәрігерлік этика факторы» зерттеу нәтижелерін жариялау шарасына қатысып қайтты. Зерттеу Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалған.

Ресми статистикаға сүйенсек, бүгінде Қазақстанда ата-анасы бас тартқан 7236 бала бар, олардың 3712-сінің физикалық немесе психикалық ауытқуы бар. Сәбилер үйіндегі 4 жасқа дейінгі 1177 баланың 553-інің дамуында ауытқу бар (Мәліметтер «Қазақстан балалары - 2016» зерттеуінен алынды https://bit.ly/2COJ3nf ).

Ата-аналардың Даун синдромы немесе церебралды сал ауруымен туылған балаларынан бас тартып, оларды мемлекеттік арнайы интернаттарға орналастыруына не ықпал етеді? Мұндай балалардың ата-анасы дәрігерлер/психологтар/әлеуметтік қызметкерлер тарапынан айрықша қолдау көре ме? Ата-ана баласынан бас тартқаны үшін қандай да бір жауапкершілікке тартыла ма? Қазақстандықтар айрықша қажеттілігі бар балаларды асырап алуға дайын ба? Мүгедектігі бар баланың отбасында өмір сүру құқығы қорғала ма? Құқық қорғаушы Айгүл Шакибаева мен әлеуметтанушы Серік Жақсылықов осы сұрақтарға жауап іздейді.
Зерттеу барысында алғашқы деректер ретінде баласы Даун синдромы және церебралды сал ауруымен туылған ата-аналардың әңгімесі тыңдалып, медицина қызметкерлері, медицина мекемелері мен интернаттардың басшылары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінің пікірі жиналды.

«Біз қандай да бір диагноздың салдарынан балалардан бас тартуға қатысты ерекше саясат жоқ болар деп бағамдаған едік, расында да солай болып шықты, – дейді Айгүл Шакибаева. – Медицина қызметкерлерінің бұл диагнозға қатысты білімінің жеткілікті болмауы және қалыптасқан мифтер балалардың әрі қарайғы өміріне және олардың отбасына ықпал етеді. Жас ата-анаға диагнозды хабарлау процедурасы да реттелмеген, мұның бәрі дәрігердің мәдениеті мен этикасына байланысты. Бұл ретте халықаралық тәжірибеден мүлдем алыспыз».

Инклюзивті шығармашылық іс-шаралар

Инклюзивтік музыкалық сабақтарды және құрдастарымен ерекше білім алу қажеттілігі бар жасөспірімдер мен жастардың бірлескен шығармашылық іс-шараларын ұйымдастыру да оң нәтиже береді, себебі болашақ мамандар Алматы технология және флористика колледжімен қыздар педагогикалық институтының студенттері арасында даму ерекшеліктері мен бұзушылықтары бар адамдармен қарым-қатынас жасауға,  жұмыс стратегиясын құруға үйренеді, "Азамат әлеуеті" қоры жобалық қызметін жүзеге асыруға қатысатын арнайы педагогтарда түзету жұмыстарының түрлерін үйренеді. Жоба аясында арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары тарапынан Алматы облысы мен Алматы облысының болашақ арнайы әлеуметтік педагогтарға, сондай-ақ психологтарға қатысты тәлімгерлік үдерісі ұйымдастырылды.

Болашақ мамандар жобаға қатысушылармен бірлесіп жұмыс жасап, іс-шаралар, сайысатр, флэшмобтар ұйымдастырды. Қор жағдайында жастардың туған күнін атап өту және өз қолдарымен естелік сыйлықтар жасау дәстүрі қалыптасты. Бірге үйренген әндер мен билер мерекелерде көрсетіледі және педагогтар, ата-аналар мен қонақтар тарапынан жоғары баға алады.

«Ақ-Қала ХХІ» кеңсе тауарлары дүкенінен тосынсый

«Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры кеңсесінің маңында орналасқан «Ақ-Қала ХХІ» кеңсе тауарлары дүкені Жаңа жыл қарсаңына біздің Қорға арнайы жақсы сый-сияпатын жасап, біраз жанға тосынсый сыйлады. Көршілеріміз түрлі-түсті фломастерлер мен карындаштар, гуашь пен акварель, пазлдар сияқты балалардың күнделікті іс-әрекеттері мен шығармашылық сабақтарына керек-жарақтарды сыйлыққа табыстаған болатын. Қор өз тарапынан бұл сыйлықтырады Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға және он сегіз жастан асқан мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша № 2 бөлімшесінен қызмет алып жүрген балаларға, Қорымызда талай шараларға қатысып, біздің жақын достарымыз болып табылатын жастайынан мүгедектігі бар балалалар, жасөспірімдер мен жастар, олардың іні-бауырлары мен сіңлі-қарындастарына, қаламыздағы 176-мектеп гимназиясының бастауыш сынып оқушыларына және Наурызбай ауданының көпбалалы отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балаларға арнайы табыс етті. Балалар мен ана-аналардың алғыстары шексіз, жан-жақтан рақметтерін айтып жеткізуде. Жаңа жыл осындай керемет бастамамен ашылып жатқанына қуанып жатқан күйіміз бар. «Ақ-Қала ХХІ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сәлімжанова Майра Есімханқызына алғыс айта отырып, өмірдегі барлық жақсылықты тілеп, осындай шаралар ұзағынан болсын деп тілек білдіреміз.

"Мұзбалақ" анимациялық мультфилімінің көрсетілімінде

16 қаңтар күні "Азамат әлеуеті" қоры керемет кештің көрермені болып қайтты. Азаматтың досы, жас журналист Гүлдана Нұрлыханның шақыруымен, студенттер сарайында алғаш рет қазақша мәтінде жарық көрген "Мұзбалақ" анимациялық мультфилімін тамашаладық. Анимация 96500 суреттен құрастырылған ерекше туынды екен. Көрермендердің көңілінен шығатына еш күмәніміз жоқ. Қор әдеттегідей өткізілетін шараға барлық достарын шақырған болатын. Шығармашылық кешке Алматы технология және флористика колледжінің студенттері, АРДИ-да ем алып жүрген кішкентай бүлдіршіндер, Наурызбай ауданындағы көп балалы отбасылардың балалары, Шәріп досымыз Шұғыла анасымен қатысты. Қорымыздың атынан шығармашылық топтың мүшелеріне, сонымен қатар, Қазақ Ұлттық университетінің ақпараттар технологиялар факультетінің аға оқытушысы Абенов Болат Құсайынұлына толеранттық орта құруда және жастарымыздың әлеуетін көтеруде ат салысып, осындай кеш ұйымдастырып жатқандарыңызға зор алғыс білдіре отырып, тәрбиелік мәні зор туындыларыңыз көп болсын деген тілегіміз бар. Кешке шақырып, қоғамдағы орнымызды ерекше бағалап, барынша көмегін көрсетіп жүрген Гүлдана досымызға тағы бір мәрте рақметімізді айтамыз.