Main content

Alert message

Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды оқыту мен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің арнайы жағдайларын жасау

         2019 жылдың 24-26 сәуір аралығында «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының Президенті Сейсенова Алмагүл Даулетқазықызы «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды оқыту мен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің арнайы жағдайларын жасау» атты семинар-тренинг жұмысына қатысуда. «Дара» қорының Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен әріптестікте «Әр түрлі-Тең: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасын іске асыру шеңберінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының және АҚШ Елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен ұйымдастыруда.
         Нұр-Сұлтан қаласындағы № 53 жалпы білім беретін мектепте семинарға Қазақстанның 10 аймағынан 40-тан астам мұғалімдер/орынбасарлар, сүйемелдеу мамандары қатысып жатыр. 
         Семинардың басты мақсаты инклюзивті білім беруді іске асыратын мектептер базасында ашылған инклюзивті білім беру ресурстық орталықтарының үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру болып табылады.

    Семинардың тренерлері ретінде түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкерлері мен құрылымдық жетекшілері А.К. Ерсарина және И.Г. Елисеева жүргізуде.

Семинар бағдарламасына келесі сессиялар кіреді:
- Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары;
- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасы;
- Ерекше білім беру қажеттілігінің сипаттамасы;
- Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды анықтау; 
- Мектепте ЖТД бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар;
- ҚББ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және ұйымдастыру бойынша білім беру процесіне қатысушылардың функционалы;
-Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және мектептегі ББҰ-мен оқушыны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау;
- Жалпы білім беретін мектепте оқушыны ҚББ-мен бірге алып жүру мамандарының қызмет мазмұны. Мамандардың сүйемелдеуінің жеке бағдарламаларын жасау; 
- Арнайы педагог пен мұғалімнің оқу бағдарламаларын бейімдеу және дараландыру бойынша қызметінің мазмұны.

            Әр сессиядан кейін тәжірибелік сабақтар өткізіледі (топтарда жұмыс істеу, топтармен алмасу).

 

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА, ТӘЖІРИБЕ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірге 2019 жылғы 26 сәуірде «Инклюзивті білім беру: теория, практика, тәжірибе» (бұдан әрі – Конференция) атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияда инклюзивті білім берудің дамуына байланысты өзекті теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады.

Конференцияға қатысуға отандық және шетелдік ғалымдар, инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі білім беру және оқыту ұйымдары, жалпы білім беретін және арнайы мектептер) педагогтері, ЖОО және колледж оқытушылары, білім басқармаларының (бөлімдерінің) инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін мамандары, ҚР Білім және ғылым министрлігіне бағынысты ведомстволық ұйымдарының, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылады.

Конференцияның мақсаты инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті сұрақтарын талқылау, мәселелерді шешу жолдарын іздеу үшін диалогтік алаң құру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшыларына мен педагогтеріне арналған мастер-кластар негізінде практикалық тәжірибе алмасу болып табылады.

 

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Халықаралық қоғамдастықта инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық аспектілері.
  • Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар мен әдістемелер: тәжірибе және табысты практика.
  • Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында инклюзивтілік принциптерін жүзеге асыру.
  • Үздіксіз инклюзивті білім беру – жоғары инклюзивті мәдениет қоғамын қалыптастырудың шарты ретінде.

Конференция барысында келесі тақырыптар бойынша мастер-класс өткізу жоспарлануда:

  1. Инклюзия жағдайында жалпы білім беретін мектепте тиімді әдістемелерді қолдану.
  2. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру аспектілері.
  3. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда жекеленген және сараланған тұғырларды қамтамасыз ету.
  4. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында педагогикалық коучинг
  5. Білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру.

Конференцияның жұмыс тілдеріқазақ, орыс, ағылшын.

Конференция бағдарламасы келген өтінімдерге сәйкес құрастырылады.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Конференцияға қатысу үшін 2019 жылғы 19 сәуірге дейін www.nao.kz сайтындағы http://nao.kz/naoconference/registration/8 сілтемесі бойынша тіркеліп, өтінім беру қажет (міндетті түрде тіркелген форма бойынша).

Өтінімді мақұлдағаннан кейін Сіз материалдарды қосу үшін логин, пароль және сілтеме аласыз. Мақала бір файлмен бекітіледі: көлемі А4 форматындағы 8 беттен аспайтын мақала мәтіні (өтінімі жоқ мақала қабылданбайды);

Мақалаңыздың жариялауға қабылданғаны расталғаннан кейін ғана (электронды поштаңызға ұйымдастыру жарнасын төлеу үшін Академияның реквизиттерімен хабарлама келеді) Сіз белсенді сілтеме бойынша ұйымдастыру жарнасының төленгені туралы түбіртектің сканерленген көшірмесін бекітесіз.

 

Қатысу формасы:

  1. Тікелей – пленарлық отырыста, дөңгелек үстелдерде баяндамамен сөз сөйлеу, Конференция жинағына материалдар жариялау (қатысушысы № 1 пакетті алады – сертификат, бағдарлама, үлестірілетін материал, Конференция материалдарының жинағы PDF форматында электронды түрде) – ұйымдастыру жарнасы - 5000,00 теңге (немесе шетел валютасында – 16$).
  2. Сырттай – Конференция жинағына материалдар жариялау (қатысушысы № 2 пакетті алады – сертификат, бағдарлама, Конференция материалдарының жинағы PDF форматында электронды түрде) – ұйымдастыру жарнасы – 3000,00 теңге (немесе шетел валютасында – 10$).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

www.nao.kz сайтында тіркелгеннен кейін Конференция материалдары мен сертификатты алғанға дейін логин мен парольді сақтап қою керек.

Мақала мәтіні бір файлмен бекітіледі.

Файлдардың атаулары автор(-лар)дың атымен жазылады (мысалы: Құсайынов С.А. Мақала.doc; Құсайынов С.А. немесе Ахметов Б. Т. + Серікбаев А.Қ. + Беріков И. Д. Мақала және т. б.).

Сайтта тіркелу 2019 жылғы 12 ақпанда басталып, 2019 жылдың 17 сәуірінде аяқталады. Материалдарды қабылдау 2019 жылғы 19 сәуірде аяқталады.

Қатысу үшін өтінімі мен материалдарын жіберген және рецензиялаудан өткен барлық қатысушыларға ұйымдастыру жарнасын төлеу үшін Академияның реквизиттері және Конференцияның бағдарламасы электрондық түрде жіберіледі.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Материалдар электронды түрде жіберіледі: мәтіндік редактор MS WORD; А4 форматы, негізгі шрифт – Times New Roman; кегль – 14, жоларалық интервал – бірлік; стиль – қалыпты; мәтінді ені бойынша түзету; азат жолы – 1,0 см; барлық жиектері – 2 см. Беттер нөмірленбейді.

Жоғарғы жағының ортасынан – тасымалсыз жазба әріптерімен, жартылай қалың, баяндама тақырыбы; одан әрі бір жолдан кейін ортасына қарай – автордың аты-жөнінің бірінші әріптері және тегі (бір баяндамада үш автордан көп болмауы тиіс), одан әрі бір жолдан кейін ұйымы, қаласы, автор (-лар) дың е-mail, ғылыми жетекшінің аты-жөнінің бірінші әріптері және тегі, қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (студенттер, магистранттар, докторанттар үшін көрсету міндетті). Мақала мәтінің алдында мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде аннотациясы (3-4 сөйлемнен), кегль – 12,.тақырыбы жартылай қалың, курсив болуы керек. Одан әрі бір жолдан кейін – мақала мәтіні. Әдебиет сілтемелері тік жақшамен алынады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті. Тасымалдау қойылмайды (1-қосымша).

Суреттердің көлемі мақаланың 1/4 көлемінен аспауы тиіс. Суреттер, иллюстрациялар, фотосуреттер TIFF немесе JPG кеңейтуімен бір файлда жіберіледі. Мәтінде әрбір суретке сілтемесі болуы тиіс, суреттерді нөмірлеу – өтпелі, суреттерге қойылған қолтаңбаның жеткілікті толық мәліметті болуы тиіс.

Материалдардың барлығы талаптарға сай мұқият орындалуы тиіс. Ресімдеу талаптарына сай келмейтін немесе ұйымдастыру комитеті берілген уақыттан (2019 жылғы 17 сәуірге дейін) кеш жіберілген мақалалар конференция мақалалар жинағына қосылмайды және авторларға қайтарылмайды.

Мақала авторлары ақпараттың нақтылығы үшін толық жауапты болады.

Өткізілетін орны және мерзімі: Астана қаласы, А. Байтұрсынов көшесі,35, №83 мектеп-гимназиясы, 2019 жылғы 26 сәуір.

Анықтама үшін байланыс: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім   академиясы, тел. 8(7172) 576649, 8-701-455-52-26, Академияның сайты www.nao.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Өтінімді тіркеудің мына формасын Конференцияның үш тілінің біреуінде Академия сайтында толтыруларыңызды сұраймыз http://nao.kz/naoconference/registration/8 (қатысушының сертификаттағы аты-жөні өтінім жазылған тілде толтырылады).

Барлық жиекті толтыру міндетті

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Ғылыми атағы

Ғылыми дәрежесі

Лауазымы

Жұмыс орны

Елі

Пошталық индексі

Қала, ауыл

Адрес

Қалааралық коды көрсетілген телефон

Ұялы телефон нөмірі

E-mail

Конференция бағыты

Баяндаманың аты

Қатысу формасы:

тікелей немесе сырттай

Өтінімді толтырған күні

«Өтінімде» қысқартулар мен аббревиатураларға жол берілмейді!

1 қосымша

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

К.И. Жантасов

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,

Астана қ., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Аннотация

Мақалада негізгі құзырлар және экологиялық бiлiмнiң контекстiндегi оқушылардың экологиялық мәдениеттiң және санасының құрастыруы өзара байланысында қаралады.

Abstract

In the article intercommunication of key competences and forming of ecological culture and consciousness is examined students in the context of ecological education.

Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [1]. ... Мақала мәтіні. Мақала мәтіні.

Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [2]. ... Мақала мәтіні [3] ... Мақала мәтіні.

Әдебиеттер тізімі

  1. Абэ Осаму. Когда началось экологическое образование? // Тири. 1990. 35-том, № 12. – 21-27- беттер.
  2. Учение Вернадского о ноосфере.http://www.ecosystema.ru.
  3. ҚазақстанРеспубликасыныңэкологиялықбілімберутұжырымдамасы,Астанақ., 2002 ж.

 Қатысушылардың назарына!

Конференцияның Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды қарсы алу және қонақ үйге орналастыру туралы сұрақтармен айналыспайды. Қонақ үйлердегі орындарды брондауды Конференцияға қатысушылар өздігінен жүргізеді.

Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу ғашықтар күніне орай салтанатты үйлену тойы

        Сәуірдің 15-нде Қазақстанда Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу ғашықтар күніне орай Алматы қаласының № 1 Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығы жанындағы Өздігінен өмір сүру үйінің тұрғындары Константин мен Неллидің салтанатты үйлену тойы өтті.

     Махаббат тарихына шолу жасасақ, Өздігінен тұру үйінің меңгерушісі Әбілқасымов Өміржан Абдрахимұлының айтуынша Константин мен Нелли ұзақ уақыт бір үйде, бірақ бөлек кіреберістерде тұрған екен. Бір-бірін жиі көретін, бірақ ол кезде Константин біздің Неллиге көңіл аудармапты. Нелли оған әрдайым көз қырын салып, назарынан алмапты. Тағдырлары солай болған шығар, Нелли Алматы қаласының № 1 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына (Каблуков көшесіндегі психо-неврологиялық интернат) түседі, сол жерде Константинді кездестіріп қалады. Олар бір ғимаратта, бірақ түрлі блоктарда (ерлер мен әйелдер) тұратын, ас әзірлеу кезінде көмекке келетін біздің жұп сол жерде жиі кездесіп, бір-бірін ұнатып қалады. Бұл жұптың байланысын байқағаннан соң біз оларды Өздігінен тұру үйі ашылғанда сол жерге жолдау туралы шешім қабылдадық. Содан бері олар өзара тығыз қарым-қатынас орнатты. Бір күні Нелли маған келіп, менімен сөйлескісі келетіндігін айтты, сөйтсек олар Константин екеуі үйленгісі келетіндері туралы ойларын айтып, бізден рұқсат сұрады. Бұл жаңалық, әрине, барлығымызды қуантты. Содан кейін Үйдің қызметкерлері біздің директорымыз Искакова Данипа Төлепбергеноваға және Неллидің қамқоршысына жаңалықты хабарлап, келісімдерін алып, үйлену тойына дайындықты бастадық. Неллидің іс-әрекетке қабілеттілігін қайтаруды ресімдеу үшін барлық құжаттар дайындалып, тиісті органдарға тапсырдық. Оның іс-әрекетке қабілеттілігін қайтарғаннан кейін олардың некелерін ресми тіркейміз, ал әзірше олар азаматтық некеде тұратын болады.
        Үйлену тойына жас жұбайлардың жақын туыстары, достары мен тілектес тұлғалар шақырылды. «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының Президенті Алмагүл Дәулетқазықызы да салтанатты шараға шақырылды, осындай сәттің куәсі болып, тікелей эфирде үйлену тойының еліміздің барлық дәстүрлері мен салт-ғұрыптары бойынша өткенін барашамызға жеткізді. Кеш қонақтары Константин мен Неллиға арнап өздерінің шынайы тілектерін білдіріп, өздерінің сезімдері мен көңіл-күйін жасыра алмады. Бұл күн барлық адамдар үшін, әсіресе Өздігінен тұру үйінің тұрғындары мен қызметкерлері үшін ұмытылмас әрі нағыз ғашықтар мерекесі ретінде есте қалады деген ойдамыз. Ғашық және бақытты болуға барлық жандардың еш шектеусіз құқығы бар! Біз осы жұп үшін өте қуаныштымыз, оларға ұзақ жылдар бойы бірге өмір сүріп, әрқашан бір-бірін қолдап, өмір бақи жаңа бақытты сәттерді қарсы алуға дайын болуына тілектес екендігімізді білдіреміз.

 

Жалағаш пен Сырдария аудандарындағы кездесулер

          Наурыздың 30-ы күні сарапшылар тобы Жалағаш ауданында болып, жергілікті жерде орналасқан № 202 мектепте ПМПК мен ППТК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары және заңды өкілдері, жалпы мектептердің ұстаздары және арнайы педагогтардың қатысуымен кездесуге қатысты. Шара барысында ата-аналар мен ұстаздар қауымы сұрақтар қойып, өзекті мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіре алды. 
           Сол ауданда қызмет етіп отырған Психологиялық-педагогикалық-медициналық кеңес пен Психологикалық-педагогикалық түзету кабинетінің басшылары мен мамандары Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталағының негізіндегі біліктілікті арттыру курстарынан өткендіктен, әріптестерді танып, қонақжайлық танытып, қарсы алды. ПМПК басшысы Купаев Алмас Едилбайұлы, ППТК меңгерушісі Абдрахманова Роза Сейтканқызы бұл ауданда табысты жұмыс атқарып отырғанын байқата білді. Әріптестер № 202 мектепте орналаскан Психологикалық-педагогикалық түзету кабинетін аралатып, мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіліп жатқанын айтып, 2 жыл көлемінде қандай жұмыс атқарылып, нендей жетістікке жеткендерін көрсете білді. Ол жерде жас мамандар, психологтар мен арнайы педагогтар жұмыстарымен таныстырып, сәуірдің 2-күні аталып өтетін аутизм мәселесіне байланысты жұмыстары бойынша бейнебаяндар түсіріп, оларды экранға шығарып, көрсетіп, Хуршид Зайнутдиновпен өзара пікір алмасты. Қор басшылары өз тарапынан мамандармен бірге жұмыс барысын талқылап, қазіргі таңда қолданатын әдістемелерді ортақтасып, бөлісе алды. 
        Сол күні түстен кейінгі уақытта Алмагүл Дәулетқазықызы Сырдария ауданындағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы ауылда мектеп мұғалімдері арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, үйден оқыту, инклюзивті білім беру, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты арнайы бағдарламалар, басқа да жұмыстар бойынша көптеген ақпарат берді. Бірнеше ақпарат қайнар көздерін атап өткен жөн деп есептейміз: Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы, "ӘБЕО" орталығы ЖШС-і, (ТОО Центр "САТР"), «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының сайттары. Ақпараттық-мәлімдеу және ағарту жұмыстарының нәтижесінде мамандар мен ата-аналар, ұстаздар мен барлық мүдделі тұлғалар ақпарат алатындай жағдайда болды, жалпы өңірдегі іссапар табысты өтті, нәтижелі болды деп есептейміз. Облыстағы 5 ауданның негізінде біраз мәселелер талқыланып, педагогтар, ата-аналар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу барысында елде бар мәселелерге қанық болдық, барлық шараларға қатысушыларға түсініктеме жұмысын жүргізе алдық. ҮЕҰ өкілдері және мемлекеттік органдар мамандары мен басшылары еліміздегі қай мекемеде қандай қызмет атқарылып отырғаны туралы ақпаратпен танысып, жалпы мектеп мұғалімдері мен арнайы педагогтар арасында үлкен сұхбат орнатылды, соның өзі барлық нәтижелі жұмыстың дәлелдемесі деуге болады. Ата-аналар мен заңды өкілдер заңгер Алмагүл Сейсеновадан өздігінен жеке кеңес алуға тырысты, мүгедектікті анықтау, мүгедектік барысында қосымша қызметтерді белгілеу, үйден оқыту, инклюзивті түрде білім алу басқа да мәселелер бойынша талқылаулар молынан болды.

 

Қызылорда облысы Қазалы ауданына іс-сапар

        Наурыздың 29-ы күні Байқоңыр қаласынан әріптестер үлкен команда болып Қазалы ауданына жол тартты. Топ құрамында Central Asian Youth Autism Center - CAYAC Қорының басшысы Хуршид Зайнутдинов, РФ-ның «Благодари» қайырымдылық қорының басшысы Роза Баймаханова, Байқоңыр қаласының маңындағы Ақай ауылында орналасқан санаторлық типтегі балабақшаның меңгерушісі Ажар ханым және біздің Қорымыздың Президенті Алмагүл Дәулетқазықызы болды. 
       Қазалы ауданында сарапшыларды "«Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту» орталығының басшысы Шынаркүл Куанышқызы қарсы алды. Негізінен «Шапағат» қоры 20 жылдан аса уақыт бойы мүгедектігі бар балалаларға арнайы әлеуметтік қызметтер атқарады. Мекеме тарихы 1995 жылы басталады, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде БҰҰ ДБ (ПРООН) желісі бойынша мүгедектігі бар балаларға арналған «Шапағат» оңалту орталығы болып құрылды, кейіннен өзін өңірдің белгілі қоғамдық ұйымдарының бірі ретінде көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту жұмысында елеулі табыстарға жетті. Біраз жылдардан бері Орталықтың табалдырығынан төрт жүзден астам мүгедек бала аттады, олардың алпыс шақтысы орта және арнайы мектептердің парталарына отырды. 
        Кезекті кездесу Қазалы ауданының №170 мектеп қабырғасында 140-тан астам маман және ата-аналардың қатысуымен өтті. Кездесу барысында анықталған ең ұтымды жағдай Қазалы кентінде Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеттің және Қыздар педагогикалық университетінің түлектері жұмыс жасауда. Жас мамандар Қазалы ауданында атқарып жатқан жұмыстарын көрсетіп, ата-аналар мен орта мектептердің ұстаздарына түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, онымен қоса инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын маман-кадрлар ресурстары бар екендігін сенімді түрде көрсете білді. Белсенді, білімді әрі білікті де көрікті жас мамандарымыз жалпы мектептің педагогтарының сұрақтарына жауап беріп, өздері ізденіс үстінде екендігін көрсетті. Мамандардың қойылған сұрақтарға өздігінен жауап іздеп, өздерінің талпыныстарын білдіріп отырғандары қуантарлық жағдай. Қазалыда тағы бір атап өтетіндей жайт ата-аналардың да белсенділік танытуы, өздері сұрақтарын қалыптастырып, қоюға талпынуы. Негізгі жоспарлаған мақсат - үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар, ұстаздар қауымы және арнайы педагогтар арасында өзара сұхбат құру еді, оған қол жеткізгенімізге еш күмән жоқ.