Психикалық денсаулық орталығында кездесу
- Толығырақ
- Қаралды: 1563
11 ақпан күні Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығы ынтымақтастығымен "Аман-Саулық" қоғамдық қорының жетекшісі және өкілі Бахыт Ниязбекқызы Туменова мен Татьяна Васильевна Божова, "Азамат әлеуеті" жеке қайырымдылық қорының президенті Алмагүл Даулетқазықызы Сейсенова Психикалық денсаулық орталығы пациенттерімен, олардың ата-аналары, қамқоршылары және менталдық бұзушылықтары бар адамдардың туыстарымен бірге бір алаңда кездесу мүмкіндігі ұсынылды. Кездесуде пациенттердің құқықтары, медициналық қызмет көрсету сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жалпы психикалық денсаулық қызметін реформалау мәселелері талқыланды. Ауруханадан кейінгі сүйемелдеу, амбулаторлық қолдау топтары, поликлиникалық қызметтерде қызмет көрсету, санаториялық-курорттық емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, оңалту, психикалық бұзылулары бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мүдделі тараптар стационарлық емделуден қорқу, менталды бұзылыстары бар адамдардың өздерін және олардың туыстарын заңды алып жүру туралы айтылды. Кездесу соңында жұмыс тобы менталдық денсаулық мектебін ұйымдастыруды ұсынылды.
Халықаралық конференцияның соңғы күні
- Толығырақ
- Қаралды: 1199
Конфкренцияның соңғы күнінде жұмыс барысы секциялар бойынша бөлініп шетелдік және қазақстандық сарапшылардың келесі тақырыптарды мастер-класстары өткізілді:
> Грузиядағы тәуелсіз өмір және жұмысқа орналастыру қызметтері;
> МН бар тұлғаларды психоәлеуметтік оңалтудың ұйымдастыру аспектілері (Армения);
> Рекавери еуропалық принциптерін қалай енгізуге болады (Литва);
> Белоруссия тәжірибелері мысалында тәуелсіздікті қалай қолдау керек;
> Ауыр психикалық бұзылулары бар пациенттерді қалай оңалтуға болады (Қырғызстан);
> Әрекет қабілеттілігі мен қамқорлығы, қорғалған жұмыс орындарын қалай құру керек (Қазақстан).
Үш күндік халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша іс-шара соңында пленарлық отырыс өткізілді.
Конференция жұмысына барынша ат салысып үлес қосқан еріктілерімізге ерекше алғысымызды білдіреміз. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері, болашақ дефектологтар.
"Кенес" орталығына сапар
- Толығырақ
- Қаралды: 1342
Конференция бағдарламасы бойынша 8 ақпан күні "Кеңес" әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығына сапар ұйымдастырылды. Орталық басшысы Майра Сулеева орталық қызметінің мәнін айтып, орталықтың қалыптасу тарихымен бөлісіп, 27 жыл ішінде қандай жұмыстар атқарылғаны жайында сөз қозғады. Конференцияға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып үлгермей жатсада, Майра Мағауияқызы өз мүмкіндігінше және уақыт регламентіне қарамастан қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Сөз соңында орталық балалары кәсіби сахнада көрермен алдында импровизациялап бейіндеген сәнді көрсетілімнен бейне сюжет көрсетілді. Орталық өз жұмысында белгілі бір нәтижеге бағытталған, балалардың көбі жалпыға ортақ оқу орындарына баруға мүмкіндік алды, ал мұндай көрсеткіш Кеңес орталығы қызметкерлерінің үлкен кәсібилігін көрсетеді. Қонақтар үшін орталық тарапынан ыстық пісірулермен танысу экскурсиясы ұйымдастырылды.
Өз бетінше тұратын үйге сапар
- Толығырақ
- Қаралды: 1253
"Тәуелсіз өмір: Қазақстан мен әлемде менталдық бұзылыстары бар адамдар" атты конференцияның екінші күні қатысушылар Алматы қаласының психоневрологиялық денсаулық орталығы жанындағы өз бетінше тұратын үйіне барды. Үйде 17 адам өз бетінше тұрады. Өздері ас әзірлен, үй жинап, киім тігіп, тоқыма тоқып, бақша салып өз еңбектерінің жемісін көріп отыр. Қамқорлықтағы адамдардың айтуынша, үйге көшкеннен кейін олардың өмірі тек жақсы жаққа өзгерді.
Психоневрологиялық денсаулық орталығының директоры Данипа Ысқақова барлығын осы үйдің жұмысымен таныстырып, сондай-ақ, 15 сәуір күні үйдегі қос ғашық Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күніне орай үйлену тойларын атап өтетіндігі туралы жақсы жаңалықпен бөлісті.
Сонымен қатар, үй бойынша экскурсия өткізілді, онда қамқоршылар еңбек терапиясымен айналысатын бөлме, білім алу сыныптарымен танысын, тігін цехында жұмыс жасап, шағын спорт алаңында дене шынықтырумен айналысады. Әр қонаққа Алматы қаласының символы алма түріндегі қолдан жасалған бұйымдар сыйға тартылды. Дәстүр бойынша бұл үйге келген қонақтарға бас аспазшы - Разак Әбішев дайындаған дәмді Марокко шайымен қарсы алады.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (1 күн)
- Толығырақ
- Қаралды: 1139
Бүгін, 7 ақпанда "Тәуелсіз өмір: Қазақстан мен әлемдегі менталдық бұзушылықтары бар адамдар" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Сорос-Қазақстан Қоры Басқармасының төрағасы Антон Артемьев құттықтау сөз сөйлеп конференция жұмысын ашты. Содан соң, "Барлығына арналған қоғам" атты жобаға Сорос-Қазақтан қоры бастамасының үйлестірушісі Айнұр Шәкенова қысқаша шолу жасап өтті. Психикалық денсаулық саласындағы сарапшылар Армениядан, Грузиядан, Литвадан, Беларусиядан, Қырғызстаннан және Қазақстанның барлық аймақтарынан келді. Жобаға қысқаша шолудан кейін Сорос-Қазақтан қоры "барлығына арналған Қоғам" бастамасының үйлестірушісі Айнұр Шәкенова сөз сөйледі. Психикалық денсаулық саласындағы сарапшылар Армениядан, Грузиядан, Литвадан, Беларусиядан, Қырғызстаннан және Қазақстанның барлық аймақтарынан келді. Талқылау екі бағыт бойынша өтеді:
1. Посткеңестік кеңістік елдерінде менталдық бұзылыстары бар адамдардың құқықтарын іске асыру саясаты мен мәселелері.
2. Қазақстан Республикасында менталдық бұзылыстары бар адамдардың құқықтарын іске асыру мәселелері мен саясаты.