Main content

Alert message

Өз бетінше тұратын үйге сапар

"Тәуелсіз өмір: Қазақстан мен әлемде менталдық бұзылыстары бар адамдар" атты конференцияның екінші күні қатысушылар Алматы қаласының психоневрологиялық денсаулық орталығы жанындағы өз бетінше тұратын үйіне барды. Үйде 17 адам өз бетінше тұрады. Өздері ас әзірлен, үй жинап, киім тігіп, тоқыма тоқып, бақша салып өз еңбектерінің жемісін көріп отыр. Қамқорлықтағы адамдардың айтуынша, үйге көшкеннен кейін олардың өмірі тек жақсы жаққа өзгерді.

Психоневрологиялық денсаулық орталығының директоры Данипа Ысқақова барлығын осы үйдің жұмысымен таныстырып, сондай-ақ, 15 сәуір күні үйдегі қос ғашық Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күніне орай үйлену тойларын атап өтетіндігі туралы жақсы жаңалықпен бөлісті.
Сонымен қатар, үй бойынша экскурсия өткізілді, онда қамқоршылар еңбек терапиясымен айналысатын бөлме, білім алу сыныптарымен танысын, тігін цехында жұмыс жасап, шағын спорт алаңында дене шынықтырумен айналысады. Әр қонаққа Алматы қаласының символы алма түріндегі қолдан жасалған бұйымдар сыйға тартылды. Дәстүр бойынша бұл үйге келген қонақтарға бас аспазшы - Разак Әбішев дайындаған дәмді Марокко шайымен қарсы алады.

vtoroy vtoroy den