Main content

Alert message

Психикалық денсаулық орталығында кездесу

11 ақпан күні Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығы ынтымақтастығымен "Аман-Саулық" қоғамдық қорының жетекшісі және өкілі Бахыт Ниязбекқызы Туменова мен Татьяна Васильевна Божова, "Азамат әлеуеті" жеке қайырымдылық қорының президенті Алмагүл Даулетқазықызы Сейсенова Психикалық денсаулық орталығы пациенттерімен, олардың ата-аналары, қамқоршылары және менталдық бұзушылықтары бар адамдардың туыстарымен бірге бір алаңда кездесу мүмкіндігі ұсынылды. Кездесуде пациенттердің құқықтары, медициналық қызмет көрсету сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жалпы психикалық денсаулық қызметін реформалау мәселелері талқыланды. Ауруханадан кейінгі сүйемелдеу, амбулаторлық қолдау топтары, поликлиникалық қызметтерде қызмет көрсету, санаториялық-курорттық емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, оңалту, психикалық бұзылулары бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мүдделі тараптар стационарлық емделуден қорқу, менталды бұзылыстары бар адамдардың өздерін және олардың туыстарын заңды алып жүру туралы айтылды. Кездесу соңында жұмыс тобы менталдық денсаулық мектебін ұйымдастыруды ұсынылды.

CPZ2