Main content

Alert message

"Мұзбалақ" анимациялық мультфилімінің көрсетілімінде

16 қаңтар күні "Азамат әлеуеті" қоры керемет кештің көрермені болып қайтты. Азаматтың досы, жас журналист Гүлдана Нұрлыханның шақыруымен, студенттер сарайында алғаш рет қазақша мәтінде жарық көрген "Мұзбалақ" анимациялық мультфилімін тамашаладық. Анимация 96500 суреттен құрастырылған ерекше туынды екен. Көрермендердің көңілінен шығатына еш күмәніміз жоқ. Қор әдеттегідей өткізілетін шараға барлық достарын шақырған болатын. Шығармашылық кешке Алматы технология және флористика колледжінің студенттері, АРДИ-да ем алып жүрген кішкентай бүлдіршіндер, Наурызбай ауданындағы көп балалы отбасылардың балалары, Шәріп досымыз Шұғыла анасымен қатысты. Қорымыздың атынан шығармашылық топтың мүшелеріне, сонымен қатар, Қазақ Ұлттық университетінің ақпараттар технологиялар факультетінің аға оқытушысы Абенов Болат Құсайынұлына толеранттық орта құруда және жастарымыздың әлеуетін көтеруде ат салысып, осындай кеш ұйымдастырып жатқандарыңызға зор алғыс білдіре отырып, тәрбиелік мәні зор туындыларыңыз көп болсын деген тілегіміз бар. Кешке шақырып, қоғамдағы орнымызды ерекше бағалап, барынша көмегін көрсетіп жүрген Гүлдана досымызға тағы бір мәрте рақметімізді айтамыз.