Халықаралық мүгедектер құқығы үшін күрес күні
- Толығырақ
- Қаралды: 1826
Қазақстанда 2011 жылдан 2020 жылға дейін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «Қолжетімді орта»мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарлама халықтың аз мол топтары кедергісіз қозғалуы үшін қалалық объектілер, аумақтар мен қоғамдық көліктердіңқызмет көрсетуі тиісті талаптар мен шарттардың жиынтығы болып табылады. Біздің елімізде әртүрлі мүгедектік топтары бар адамдар тұрады, сондықтан олардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін «Қолжетімді орта» бағдарламасы міндетті түрде іске асырылуы тиіс.
Бағдарлама кедергісіз орта құруды, мүгедектігі бар тұлғаларды сараптау және оңалту жүйесін жетілдіруді, мүгедек адамдардың өмірінін түрлі салаларға, соның ішінде білім беруге, спортқа, мәдениетке, қоғамдық өмірге қосуды көздейді.
Халықаралық мүгедектер құқығы үшін күрес күні жыл сайын еліміздің көптеген қалаларында «Мүгедек – қоғамның тең мүшесі» акциясы, сондай-ақ мүгедектердің қалыпты толыққанды өмір сүру құқығын қорғауға бағытталған басқа да көптеген қайырымдылық және ағартушылық іс-шаралар, арнайы конференциялар мен жыиндар өткізіледі.
Бүгінде Қазақстанда 680 мың мүгедек тұрады. Бұл халықтың жалпы санының 3,7% құрайды. Оның ішінде-417,9 мың – еңбекке қабілетті жастағы, жұмыс істейтіндер-111,5 мың адам.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтуға мемлекеттік жәрдемдесу шаралары шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгіленді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша квота 19,1 мың мүгедектігі бар адамды құрады, 4 891 адам жұмысқа орналастырылды.
2019 жылы квоталау аясында 5 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдар халықтың басқа да осал топтарымен қатар, өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына басым тәртіппен қатысуға құқылы.
2019 жылдың 1 қаңтарына сай Бағдарламаға қатысушылар құрамына 18,9 мың мүмкіндігі шектеулі тұлғалар енгізілді, бұл бағдарламаға қатысушылардың жалпы санының 2,8% - ын құрайды, оның ішінде 16,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.
2019 жылы бағдарлама аясында 16 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.