Main content

Alert message

«Инклюзивті білім беру: теория, практика, тәжірибе» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

            ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірге 2019 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Инклюзивті білім беру: теория, практика, тәжірибе» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізіп жатыр.
          Конференцияда инклюзивті білім берудің дамуына байланысты өзекті теориялық және практикалық мәселелер қарастырылуда.
         Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі білім беру және оқыту ұйымдары, жалпы білім беретін және арнайы мектептер) педагогтері, ЖОО және колледж оқытушылары, білім басқармаларының (бөлімдерінің) инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін мамандары, ҚР Білім және ғылым министрлігіне бағынысты ведомстволық ұйымдарының, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылды.
        Конференцияның басты мақсаты инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті сұрақтарын талқылау, мәселелерді шешу жолдарын іздеу үшін диалогтік алаң құру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшыларына мен педагогтеріне арналған мастер-класстар негізінде практикалық тәжірибе алмасу болып табылады.
Конференцияның бағыттары:
 Халықаралық қоғамдастықта инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық аспектілері;
 Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар мен әдістемелер: тәжірибе және табысты практика;
 Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында инклюзивтілік принциптерін жүзеге асыру;
 Үздіксіз инклюзивті білім беру – жоғары инклюзивті мәдениет қоғамын қалыптастырудың шарты ретінде.
Конференция барысында келесі тақырыптар бойынша мастер-класстар өткізілді:
1. Инклюзия жағдайында жалпы білім беретін мектепте тиімді әдістемелерді қолдану.
2. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру аспектілері.
3. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда жекеленген және сараланған тұғырларды қамтамасыз ету.
4. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында педагогикалық коучинг
5. Білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру.
       Конференция жұмысында филол. ғ.к., доцент, заңгер, Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері, «Азамат әлеуеті» ЖҚҚ президенті Сейсенова А.Д. «Еерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды құқықтық қолдау» атты тақырыпта баяндама жасады.