«Тәуелсіз өмір: Қазақстан мен әлемде менталдық бұзылыстары бар адамдар» тақырыбында дөңгелек үстел
- Толығырақ
- Қаралды: 1523
12 маусым күні Ақтөбе қаласында «Тәуелсіз өмір: Қазақстан мен әлемде менталдық бұзылыстары бар адамдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Ақтөбе қаласы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары мүгедектігі бар балалардың мемлекеттік органдары, ҮЕҰ өкілдерінің және ата-аналарының бастамашыл топтарының қатысуымен өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы «Ізгілік шуағы» ҚБ жетекшісі Н.Буртибаева (Ақтөбе қ.). Іс-шараның бастамашылары ретінде «Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер мен еріктілердің қауымдастығы» ҚБ президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Д.Хакимжанова, «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының Президенті, ментальдық денсаулық саласындағы ҮЕҰ коалициясының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер, Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының аға ғылыми қызметкері А.Д. Сейсенова және «Азамат әлеуеті» ЖҚФ тең құрылтайшысы Азамат Тәжімұрат сөз сөйледі. Алмагүл Даулетқазықызы «Менталдық бұзылыстары бар тұлғалардың тәуелсіз ересек өмірі» атты баяндамамен сөз сөйледі, оның барысында ересектердің өмір сүру кезеңіндегі менталдық бұзылыстары бар тұлғалардың өзекті мәселелері, кәсіби-еңбек дайындығы және өз бетінше өмір сүру дағдыларын дамыту мәселелері туралы айтты. Хакимжанова Г. Д. мен Сейсенова А. Д. Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен әзірленген, ақыл-ойы бұзылған және психикалық аурулары бар мүгедектердің еңбек ету және интернаттардан тыс тәуелсіз өмірге құқықтарын қамтамасыз етуге арналған стандарттар жобаларын таныстырды.
Баяндамашылардың сөздерінен кейін қатысушылар пікір алмасуға және талқылауға белсенді қатысты. Сондай-ақ, аталған дөңгелек үстелде менталдық және өзге де бұзушылықтары бар жасөспірімдер мен ересек адамдардың ата-аналары да қатысты. Іс-шара басталмас бұрын «Қазақстан Ақтөбе» және «Рика ТВ» телеарналарының, «Үш таған» журналының және «Актюбинский вестник» газетінің журналистері спикерлерден сұхбат алып, іс-шара барысында талқыланатын өзекті мәселелер шеңберін нақтылады. Өткізілген дөңгелек үстелден кейін жергілікті БАҚ журналистері Алмагүл Дәулетқазықызы мен Қордың серіктестерін «Ақтөбе Қазақстан» телеарнасында өтетін «Қайырлы таң!» эфиріне шақырды. Тікелей эфир кезінде көптеген сұрақтар түскен себептен жергілікті журналистер Алмагүл Даулетказықызын «Кездейсоқ кездесу» бағдарламаға шақырды, оның барысында балалардың, жасөспірімдердің және мүгедек балалардың оңалту, әлеуметтік бейімдеу, түзету, психологиялық қолдау, кәсіби-еңбек дайындығы мен өз бетінше өмір сүруіне қатысты сұрақтар қойылды.
Ақтөбе облысына сапар барлық тараптарға сәйкес өте жемісті және пайдалы өтті.