Main content

Alert message

Жастардың әлеуетін арттыруда ұйымдастырылған іс-шара

Бүгінгі күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «Тәуелсіз өмір: Қазақстанда және әлемде менталдық бұзылыстары бар адамдар» атты өткен іс-шара тақырыбына орайластырып біздің қордың ашылуына бірден бір себепкер болған тұлға, Азамат туралы айтқымыз келіп отыр. Азаматтың қор қызметіне деген жауапкершілігі аса жоғары деңгейде байқалады. Денсаулық жағдайына қарамастан ұйымдастырылған іс-шараларға өзі жеке қатысуға әрдайым тырасып жатады. «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының қызметі біздің Азамат сияқты жастардың әлеуеттерін көтеруге бағытталған. Бүгінде Азамат Павлодар қаласында өткен дөңгелек үстелде Екібастұздан келген Сағындық досымен жүздесіп аса көтеріңкі күйде болуда. Ерекше тұлғалардың ата-аналары мен бауырлары да біздің қордың жақын достары әрі жанашырлары.

Дөңгелек үстел барысы БҰҰ Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясын және Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Жұмыспен қамту туралы» Заңдарын іске асыру мақсатында Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен «Азамат Әлеуеті» ЖҚҚ және Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер мен еріктілер қауымдастығы ҚБ сарапшылар тобы, бүгін мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және Павлодар облысының мүгедектігі бар балалар ата-аналарының бастамашыл топтары өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге – «Самал» қоғамдық ұйымының өкілі және біздің серіктестер «Альрами» клубтық үйі ҚБ жетекшісі қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар арасында қызу пікір алмасу және талқылау өтті.

«Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры өз тарапынан осындай бағытта көптеген жобаларды іске асырылып жатыр. Азаматты мысалға алатын болсақ, біздің құрылтайшы Қазақстан аумағында ғана емес шет елдегі іс-шаралардан қалыс қалмауға тырысады, осыны әлеуеттілік демей не дейміз. Литва, Ресей сиякты елдерде болып, өз қорының қызметімен таныстырып, тәжірибе алмасып жүр. Мысалға, өткен аптада Ақтөбе қаласында болған дөңгелек үстелге қатысып келсе, бүгінде Павлодар қаласында болып жатқан іс-шараға қатысуда, одан кейін Нұр-Сұлтан қаласына бет алып сол жерде өтетін шараға қатысуы жоспарланған. Сол себепті Азаматтың өмірі толыққанды және көптеген кездесулерге толы. Оған қоса Азамат фэйсбук әлеуметтік желісінде өз ой-пікірімен бөлісіп, жеке парақшасын жүргізіп отырады. Осы орайда Азаматқа жан-жақты қолқанат және жәрдемші болып жүрген ата-анасымен бауырының үлестері орасан зор. Азамат бұл орайда өте бақытты жан.

Азаматқа зор денсаулық, жақындарымен бірге өткізген шаттыққа толы күндері көп болсын дей отыра, қор қызметіне қосып жүрген үлесі жемісті болып, көптеген табыстарға жетуіне тілектеспіз!