Main content

Alert message

Дүниежүзілік адам құқығы күні

10 желтоқсан күні бүкіл әлем бойынша адам құқығы күні атап өтіледі. Дәл осы күні 70 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады.
Құжат декларациясының негізгі ережелері қандай да бір нысанда көптеген халықаралық шарттарда, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің конституцияларында қайталанады. Прокурорға немесе оның көмекшілеріне жүгіну – Қазақстан Республиксы Конституциясында көзделген негізгі құқықтар мен бостандықтарды қорғау тәсілдерінің бірі. Бірақ бірнеше елде ғана адам құқықтары күні ресми мереке және демалыс күн болып табылады.
Заң ғылымында жеке құқықтың әртүрлі жіктелуі бар. Адам құқығы – бұл құқықтардың бір түрі. Адам құқығының қазіргі түсінігінде – бұл ажырамас қасиеттер, оның бостандығының өлшемін анықтайтын ең маңызды мүмкіндіктері. Адам құқықтары – күрделі, көп қырлы, философиялық, этикалық, саяси және құқықтық ұғым. Бұл қоғамдық құбылыс пен ғылыми ұғымның көптеген қырларының бар болуы.
Шығу тегі тұрғысынан, адам құқықтары табиғаттың өзінен және оның өмір сүруінің әлеуметтік шарттарынан туындайтын адамның ажырамас қасиеттері болып табылады. Мазмұндық тұрғысынан алғанда, бұл құқықтық нормалар мен адамгершілік талаптармен қамтамасыз етілген жеке адамның мүмкін болатын мінез-құлқының шарасы. Егер оларды жеке тұлға мен мемлекеттің арақатынасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда олар мемлекеттік билікті жүзеге асырудың шегі болып табылады. Адам құқықтарының барлық жүйесі қоғамның қол жеткізген еркіндігін пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді. Әрине, адамның әрбір құқығы жеке тұлғаға тиесілі, одан ажырамайтын және қандай да бір тәсілмен иеліктен шығаруға болмайды, бірақ сонымен бірге адам құқықтарының барлық жүйесі ең үлкен әлеуметтік мағынаға ие. Шын мәнінде, бұл – адамзаттың өмір сүруіне көптеген қауіп-қатерден қорғау тәсілдері.
Өзінің әлеуметтік мақсаты бойынша адам құқығы – адамзатты термоядролық апаттан, экологиялық дағдарыс кризисынан, халықаралық қылмыс пен нашақорлықтың өсуінен, көптеген елдерде үстемдік ететін аштық пен кедейліктің, ЖҚТБ және басқа да қауіпті құбылыстардың өсуінен тоқтатуға ұмтылатын қорғау құралдары. Оларды іске асыру тұрғысынан, адам құқықтары әрбір адамның, топтардың, халықтардың және бүкіл адамзаттың неғұрлым белгілі бір маңызды материалдық және рухани игіліктеріне ие болу мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған.