Main content

Alert message

Жыл жетістігі

Біздің қор үшін осы жылдың ерекше оқиғасының бірі ұзақ жылдар өткен соң ұлының туған анасына оралуына байланысты маңызды оқиға болды. Әр адамның өмірінде өзгермелі сәттер болады, сол сияқты Шұғыланың өмір тарихы шешілмейтіндей  мәселемен бетпе-бет келеді. Біздің кейіпкеріміз он сегіз жыл бұрын кей жағдайларға байланысты өз баласын сәбилер үйінде қалдыруға мәжбүр болады. Баланың диагнозын анықтағаннан соң оны балалар психоневрологиялық интернат-үйіне тіркейді. Бірақ бұл әрекет ұзақ жылдар бойы анасының жүрегіне ауыр сыз болып бұл жағдаймен келісуге жол бермеді. Анасы ұлын көруге нтернатқа барып, демалыс күндері өзімен алып кетіп тұрды. Бір сәтте ол өз баласын қайтару үшін шешім қабылдайды және мұнда ол көптеген мәселелерге тап болады. Тағдырдың еркі бойынша Шұгыла қолдау іздеп барлық ықтимал инстанциялар мен ұйымдарға жүгінеді. Әрине, "Азамат әлеуеті" жеке қайырымдылық қоры және біздің серіктестеріміз "Аман-саулық" ҚҚ, Amnesty International және Human Rights, Айгүл Шәкібаева, Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы сияқты мекемелердің бірігей күш-жігерімен Шұғыла әртүрлі қолдау мен заңнамалы кеңестер алды. Сол арада уайымда, көз жасыда, түсінбеушілік сияқты жағдайлар көп болды, бірақ ауыр жол кешседе, Шұғыла соңына дейін жетеді. Ол араға бір жыл салып ұлын өз қамқорлығына алады. Шәріп басында өте тұйық мінезді жігіт болып көрінді. Аз уақыт ішінде туған-туысқандарымен жақындарының ортасында болғын Шәріп тез арада жақсы жаққа қарай өзгеріп келеді, жүрген жерінде жарқсын жүзді, әңгімені қуана қолдап, өз ризашылығын білдіріп жатқаны бізді қатты қуантып келеді. Суретте біз көңілді Шәріпті көріп тұрмыз.

Шұғыла ананың алғысы шексіз, Шәріп өз алғысын  күлімдеген жүзімен жылы құшағы арқылы білдіріп келеді. Біздің қор Шәріптің осындай іс-шараларға қатысуы арқылы әлеуметтендіруге және қоғамға бейімделуге белсенді жәрдем көрсетуде.

Құрметті Шәріп, жаңа жыл саған және жақындарыңа көп қуанышты сәттер әкелсін деп тілейміз.