Main content

Alert message

"Өмір дауысы" мүмкіндігі шектеулі балалар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған І - қалалық байқау-фестивалі

 

Музыка, аспаптық шығармашылық және хореография арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтендіру мақсатында 7 қараша күні "Азамат әлуеті" қорының жігіттері Тәжімұрат Азамат, Сағидулла Әмір және Степаненко Юра Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінің, Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен, Халықаралық Бизнес академиясының колледжі ұйымдастырған "Өмір дауысы", - атты мүмкіндігі шектеулі балалар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған І - қалалық байқау – фестиваліне қатысты.
Байқауға тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 мектеп-интернатының, Н. Островский атындағы зағиптар мен нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты. Сонымен қатар Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің, Алматы технология және флористика колледжінің, МАБ колледжінің студенттері де қатысты. "РУХ" отбасылық үйінің тәрбиеленушілері "Эльдани" қайырымдылық қоры атынан қатысқан достарын қолдауға келді. Іс-шара армосферасы ұмытылмас эмоцияларға толы болды. Балалардың таланты мен әлеуеті жоғары деңгейде. Зал барлық қатысушыларға орындарынан тұрып қолдау көрсетті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, біздің Юра домбырада қазақ күйлерін орындағаны үшін 3 дәрежелі дипломға ие болды, сондай-ақ, Азаматымыз вокал номинациясы бойынша грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жігіттер, біз Сіздерді мақтан тұтамыз!