Main content

Alert message

Есту қабілеті бұзылған адамдардың халықаралық күніне орай мерекелік іс-шара өтті АКТИФ-те мерекелік іс-шара өтті

 

2018 ж. 28 қыркүйек айында Алматы технология және флористика колледжінде біз және қорымыздың еріктілерінің қатысуымен есту қабілеті бұзылған адамдардың халықаралық күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Концерттік шара барысында колледждің студенттері, оның ішінде есту қабілетінің бұзылыстары бар студенттер, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ және ҚазМҚПУ-дан келген студенттер белсенді қатысты. Осылайша олар барлығы бірге инклюзивті орта құра алды.

Алматы технология және флористика колледжі 2014 жылдан бастап инклюзивті білім беру үдерісін жүзеге асыруда.

Студенттердің 20% -ының (781 студенттің 146-сы) білім алуда ерекше қажеттіліктері бар. Олар төмендегідей мамандықтар бойынша білім алуда: ағаш ұстасы, флорист, ландшафтық дизайн, автокөлік механигі, сән дизайнері, тігінші және компьютер операторы.

 

1951 жылы Бүкіл дүниежүзілік саңыраулар федерациясының (World Federation of the Deaf, WFD) құрылуына орай қыркүйектің соңғы жексенбісі Халықаралық саңыраулар күні (International Deaf Day) деп бекітілді. Ол есту қабілетінде бұзылыстары бар тұлғаларға арналған International Week of the Deaf деп аталатын қыркүйек айының соңғы толық аптасын бекітеді.  Аталмыш күннің мақсаты – есту қабілетінде бұзылыстары бар адамдардың күнделікті өмірінде болатын мәселелері туралы халықаралық қауымдастықты ақпараттандыру. Статистика бойынша есту қабілетінің бұзылысы әр тоғызыншы адамда бар екен.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше әлемде есту қабілетінің бұзылыстары бар 278 миллион адам тіркелген. Ал Қазақстан халқының 6-7 пайызының әртүрлі деңгейдегі есту қабілеті бұзылған. Есту қабілетінен айрылу себебі ретінде генетикалық ерекшеліктер, көбінесе құлақ инфекциялары, инфекциялық аурулардан кейінгі асқынулар мен механикалық зақымданулар болады.

Құлағы естімейтін адамдарды толғандыратын әлеуметтік мәселелердің бастыларының бірі – бұл қоғамға кірігу және оның толыққанды мүшесі болу.