Main content

Alert message

Алматыда мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары бойынша жазғы мектеп өтті

 

2018 жылдың тамыз айының6-10 аралығында Алматыда мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары бойынша «БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясы мен Тұрақты дамуы мақсаттары» аттыжазғы мектеп өтті. Еліміздің барлық аймақтарынан келген 35 қатысушы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарыүшін әлемдік қозғалыста қызмет етіп жүрген танымал адвокаттардың жетекшілігімен БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясы мен Тұрақты дамуы мақсаттары, оларды күнделікті жұмыста қолдану саласында жаңа білім алды.

 

 

 

Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары бойынша төмендегідей белгілі сарапшылар спикер ретінде семинарды жүргізді:

 

Гунта Анча, МүгедектікжөніндегіЕуропалық Форумы.

Өзінің қызметін 1989 жылданбастап (Латвия) мүгедектігібарадамдардың құқықтары үшін қозғалыста Disability newspaper басылымының басредакторыболыпбастады. 2005 жылданбастапМүгедектікжөніндегі Еуропалық Форумның қамқоршылық кеңесінің мүшесіболды, 2014 жылыоның вице-президентіболып тағайындалды, қазіргітаңдаоның Басхатшысыболыптабылады. 2004 жылданбастап әлеуметтікжәнеэкономикалық мәселелержөніндегіЕуропалық комитетте (EESC) Латвияның  өкілі болып табылады.

 

Оршойя Барта, IDA ағакеңесшісі, 2030 бағдарламасы.

Оршойя IDA (International Disability Alliance) – мүгедектігібарадамдардың халықаралық Альянсының 2030 бағдарламасымәселелерібойыншаағакеңесшісіболыптабылады. Соңғыжылдарыоның жұмысы әлеуметтікинклюзияжәне Тұрақты дамуы мақсаттарының күн тәртібі,мүгедектігібартұлғалардың құқықтары мен жоғарыдәрежеліСаясиФорумдамүгедектігібарадамдардың толық қатысуынаарналған.

 

Янина Арсеньева, тәуелсізсарапшы.

Янина Эстонияда туып, өсті. Қызметі барысында Халықаралық Амнистия, Мүгедектігібарадамдардың Еуропалық Форумы,СпинаБифидажәнеГидроцефалия бойынша Халықаралық Федерациясысияқты ұйымдардажұмысістеді. 2014 жылданбастаполОрталық Азия жәнеШығысЕуропаның мүгедектігібарадамдардың ұйымдарымен қарыматынастыдамытуда,мүгедектігібарадамдардың Халықаралық Альянсын қолдайды. Сонымен қатарЯнинамүгедектігібаржәнемобильділігітөменадамдарғаарналғанйоганың дипломы барнұсқаушысы болып табылады.

 

Барлық 5 күн бойы сарапшылар адвокация саласында өз әлеуетін көтеріп,  Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға қажетті ақпаратты жинау саласында құнды білімдері және тәжірибесімен бөлісті.

 

Қатысушылардың арасында мүгедектігі бар (есту, көру қабілеттері, тірек-қимыл аппараты, менталды денсаулығында бұзылыстары бар) азаматтар мен азаматшалар, жас белсенділер мен құқық қорғаушылар, ғалымдар мен ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары мен қызметкерлері болды.

 

 

Мүгедектігі бар адамдарға әр түрлі бағытта қызмет атқаратын белсенділердің бір жерде бас қосуы Қазақстанда алғаш рет. Мұндай іс-шараның өтуі серіктес ұйымдардың жұмысы жайлы жақынырақ біліп, танысуға өз септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде ортақ мақсатқа жетуде әріптестік қарым-қатынас құруға үлкен мүмкіндіктер береді.