Main content

Alert message

Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру дегеніміз – білім алуға құқығын еш кемсітусіз іске асыруды мақсат етіп қойған көптеген елдердегі білім беру жүйесін реформалау бағыттарының бірі болып табылады.

Білім берудегі инклюзивті көзқарастардың негізінде халықаралық құқықтық актілер жатыр. Олардың арасында адам құқықтары мен кез келген себеппен кемсітушілікке жол бермейтін мәселелерге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет мәселелері бойынша ұйымының (ЮНЕСКО) басшылығымен қол қойылатын Декларациялар мен Конвенциялар бар.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балалар дене, психикалық, зерде, мәдени-этникалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру жүйесіне қосылып, тұрғылықты жері бойынша өз құрбыларымен қатар бір жалпы білім беру мектебінде білім алуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастыру. Бұл жағдайда мектептер білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескертіп, өз оқушыларына қажетті арнайы қолдауды жүзеге асырады (ЮНЕСКО-ның әдістемелік материалдарынан алынған).