Main content

Alert message

Ерекше қажеттіліктері бар жасөспірімдер мен жастарды кәсіби тұрғыдан дайындап, еңбекке тарту

2018 жылдың қазан айының 12-нде Алматы технология және флористика колледжінің негізінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар жасөспірімдер мен жастарды кәсіби тұрғыдан дайындап, еңбекке араластыру мәселелеріне арналған Республикалық семинар өтті. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Кәсіпқор» холдингі» Акционерлік қоғамының Техникалық және кәсіби оқытуды дамыту Басқармасының өкілдері, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Талғар, Тараз, Шортанды, Шымкент т.б. қалалардың кәсіби-техникалық оқыту ұйымдарының басшылары мен педагогтарының тарапынан түрлі бұзылыстары бар тұлғаларға кәсіби білім беру үдерісін ұйымдастыру мәселелері, әр өңірдің тәжірибесі, мүгедектігі бар тұлғаларды инклюзивті тұрғыдан кәсіптік оқыту және әлеуметтендіруде Ресурстық орталықтың орны мен маңыздылығы туралы пікірлер айтылып, баяндамалар жасалды. Қазіргі таңда түрлі бұзылыстары бар жастар 10 мамандық бойынша кәсіби білім алып, құзыреттіліктері дамып, әлеуеті жоғары азаматтар атануына түрлі тараптар араласуда екенін айтқымыз келеді. Бір қуантарлық жайттардың арасында биылғы жылы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға, соның ішінде жеңіл және орташа деңгейде ақыл-ой бұзылыстары бар шәкірттерге арнап кәсіби-техникалық білім беру саласында 20 арнайы оқыту бағдарламасы жасалуда екендігін мәлімдейміз. Аталмыш колледждің Қамқоршылар кеңесінің төрайымы біздің "Азамат әлеуеті" Қорымыздың Президенті Сейсенова Алмагүл Дәулетқазықызы екендігін осы орайда атап өткіміз келеді.