Дина Саимова - дефектология мамандығының студенті, ерікті
- Толығырақ
- Жарияланды 15.02.2019 09:57
- Қаралды: 1238
7-9 ақпан аралығында болган «Независимая жизнь люди с ментальными нарушениями в Казахстане и мире» атты тақырыбында шет елден келген қонақтарымызбен өз еліміздегі білікті мамандармен тәжірибе алмасу конференциямыз өз мәресіне жетті. Осы шараны ұйымдастырушы Алмагүл апайга алғысым шексіз. Біз Алмагүл Дәулетқазықызымен көптеген шараларға қатысып өткен әр шарадан үлкен тәжірибе аламыз. Ерікті ретінде жұмыс жасау арқылы біраз нәрсені меңгердік десем қателеспеймін. Кешегі өткен конференциядан кейінгі әсер ерекше болды. Осы орайда Алия Ермагамбет апайымызға да алғысым шексіз. Әрқашанда сіздердің үміттерніңізді ақтауға тырысамыз. Сонымен катар ерікті қатарында болған барлық еріктілерге де алғысым шексіз бәріміз ұжым болып жұмыс істей алдық деп ойлаймын. Алдағы шараларда да осындай жақсы нәтиже көрсетеміз деген ойдамын.
Наргиза Сатканова – дефектология мамандығының студенті, ерікті
- Толығырақ
- Жарияланды 13.02.2019 05:56
- Қаралды: 1241
Ақпан айының 7--9 күндерінде халықаралық деңгейде үлкен конфереция өткен болатын. Сол тамаша конференцияның сертификатын қолыма алып өте қуанышты болып отырмын еңбегіміздің ақталып нәтиже беруі біз үшін үлкен қуаныш. «Независимая жизнь люди с ментальными нарушениями в Казахстане и мире» атты тақырыбында шет елден келген қонақтарымызбен өз еліміздегі білікті мамандармен тәжірибе алмастық. Осындай күндері ешқандай қарбаласқа қарамастан іс-тәжірибеден өтіп жүрсекте бұл конференцияға ат салысқаныма өз өзімді мақтан етемін. Ерікті болу оңай нәрсе емес. Алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Орал қаласынан қонақтарымыз келмеседе өзім болып қатыса алдым, болашақ маман ретінде. Осы шараны ұйымдастырған біздің жетекшіміз Алмагүл Сейсенова апайға әрине зор алғысымды білдіремін, көптеген мүмкіндіктер беріп, тамаша сыйлықтар мен марапаттап бізді қолдап жүргеніңізге алғысым шексіз. Осындай үлкен дәрежеде жетістіктерге жете беріңіз. Осы орайда әрине біздің ұстазымыз Алия Ермагамбет апайға да алғысымыз шексіз сіздің арқаңызда да осындай жетісттіктерге жетіп жатырмыз!!! Әрқашанда артқан үміттерніңізді ақтауға тырысамыз.
Назерке Ерболқызы – дефектология мамандығының студенті, ерікті
- Толығырақ
- Жарияланды 12.02.2019 08:46
- Қаралды: 1316
Ақпан айының 7-9 күні аралығында «Независимая жизнь: люди с ментальными нарушениями в Казаxстане и мире» атты xалықаралық конференция болып өтті. Жоғарғы деңгейде өткен конференцияда ерікті болу арқылы көмек көрсетіп, өз үлесімді қоса білдім.
Бұл менің төртінші рет еріктілік жұмысын атқаруым. Төртеуіде өз мамандығыммен тікелей байланысты іс-шаралар болды. Және төртеуінде де Алмагүл Дәулетқазықызының жетекшілігімен, Алия Ықыласқызының қолдауымен өтті. Осыған дейінгі іс-шаралар жайында аз-кем ақпарат берген едім, ал төртіншісінен түйгенім, Халықаралық конференция барысында қатысушылардың басым көпшілігі тіпті, 90% деуге болады, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары. Осыған дейін көбіне мүмкіндігі шектеулі жандармен бірге жүрсем, осы жолы солардың ата-аналарымен бірге жүру, солармен етене қарым-қатынас орнату, сұxбат құру бұйырыпты. Бұл конференция жайында жоспарды маған жеткізгенде аздап сенімсіздік болғаны рас, үлкен жауапкершілік арқалаудан да аздап састым. Алайда, Алмагүл Дәулетқазықызының ақыл-кеңесімен, байыптылығымен, жан-жақты түсіндіруінің арқасында жауапкершілік арқалап еріктілер жинап, солармен жұмысты ұйымдастыруды бастап кеттім. 3 күн лезде өте шықты, бұл конференция барысында әр елден келген мамандар өз еліндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметке бейімделуін, көмек түрлерінің іске асуын, мекемелер жағдайын атап айтып өтті. Бізгеде сол конференцияға қатысып, берген білімдерімен, айтқан ақпараттарын санаға түртіп алу мүмкіндігі болды. Екінші күні қаламыздағы арнайы мекемелерді араладық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсететін орталықтардың жағдайын, сапасын, деңгейін, қызмет барысын көріп қуандым. Сол күні кешке мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтенуін алға тартып, соларды жұмыспен қамту мақсатында арнайы ашылған ресторанда елімізге шет мемлекеттен келген қонақтарды күттік, концерттік номерлер көрсетіп қазақ xалқының ұлттық өнерін паш еттік. Шалғайдан келген қонақтарымыз қазақ еліміздің қонақжайлылығын көріп қуанып қайтты. Үшінші күні еліміздегі және шет мемлекеттерден келген білікті мамандар мастер класс көрсетті. Мастер класс барысында әркім өз жұмысындағы жетістіктерімен бөлісті. Басқа да арнайы бағдарламалармен таныстырды. Жалпы xалықаралық конференция маған көп нәрсе бере білді. Бір қызық жайт, сұxбат құрған кісілердің көбі біздің бұл мамандыққа өз қызығушылығымызбен, өз қалауымызбен және болашақта осы мамандықты ары қарай дамытқымыз келетінін естіп таңғалды. Себебі, олар бірінші кезекте бізден сұрайтыны неге дәл осы мамандық? Өзің (өз қалауыңмен) келдің бе?
Өз мамандығымды жақсы көремін және ерікті болғаныма өте қуаныштымын, себебі іс-шаралар барысында болашақта қажетті көптеген ақпараттар, өмірлік тәжірибелер аламын. Алмагүл Дәулетқазықызы мен Алия Ықыласқызына және барлық қатысушыларға алғысым шексіз. Адамға жәй ғана аураның өзі де әсер еттеді ғой, осындай өте білікті, өз ісінің шеберлерінің арасында жүру маған да үлкен әсер етті. Еріктілік жұмысымыз қызықты өткені соншалық конференция болған орында даяшы болып жүрген біз секілді жастар да қызығып біздің қатарымызға қосылғысы келетін тілектерін білдіріп жатты. Әрине, қатарымызға қосамыз, тек шыдамды, сабырлы, кез-келген жағдаяттан шығатын, тез тіл табысатын және жанжақты болса жетерлік).
Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі «Жан нұры» үйірмесінің жетекшісі Әлия Ермағамбет
- Толығырақ
- Жарияланды 11.02.2019 08:44
- Қаралды: 1320
«Азамат Әлеуеті» Жеке Қайырымдылық қорымен бірлесіп атқарған жұмыстары туралы ой-пікірі. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының жанындағы «Жан нұры» студенттік ғылыми үйірмесі бірнеше жылдан бері «Азамат Әлеуеті» Жеке Қайырымдылық қорымен ғылыми-тәжірибелік және еріктілер қызметі бағытында жұмыс істеп келеді. «Азамат Әлеуеті» қорының президенті Сейсенова Алмагүл Даулетқазықызымен бірге дефектолог-студенттер ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді қолдау бойынша түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жүйелі түрде қатысады. Халықаралық конференциялар, қайырымдылық акциялары және инклюзивті концерттер, студенттік форум – бұл «Азамат Әлеуеті» Жеке Қайырымдылық қорымен «Жан нұры» үйірмесінің еріктілерімен бірлесіп өткізілген іс-шаралардың толық тізімі емес.
«Азамат Әлеуеті» қорымен ғылыми-практикалық және еріктілік қызмет бағытында тұрақты және ұзақ мерзімді ынтымақтастықта болашақ дефектолог мамандар өздерінің кәсіби қалыптасуына жағымды әсер етеді. Сонымен, Дефектология бөлімінің студенттері теориялық білімді тереңдетуге, дамуында ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеу дағдылары мен іскерлігін меңгеруге үлкен мүмкіндік алады. Еріктілер Алмагүл Дәулетқазықызы Сейсенованың шебер жетекшілігімен балалардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасау этикасы, жұмыс барысында туындайтын проблемалық жағдайларды шешу бойынша білім алады. Ең бастысы, қыздар өз мамандығының маңыздылығы мен қажеттілігін саналы түрде түсініп, оны сүйе бастайды.
Қазіргі уақытта «Жан нұры» студенттік ғылыми үйірмесі «Азамат Әлеуеті» Жеке Қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді қоғамдық өмірге белсенді қосуды қарастыратын жаңа, өзекті және қызықты іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Біз ынтымақтастығымызға өте қуаныштымыз және оның одан әрі дамуына мүдделіміз!
Ерлан есімді еріктіміз
- Толығырақ
- Жарияланды 09.11.2016 11:48
- Қаралды: 1289
Бұл күлімсіреген және қайырымды жас адамға қарап, оның балалық шағы қиын болды деп ешқашан ойламайсың. Ерлан балалар үйінде өскен, оның анасы перзентханада қалдырып кеткен, оның құжаттарының арасында әкесі туралы ешқандай ақпарат болмады. Жасөспірімдік жаста Ерланды Шығыс Қазақстандық бір отбасы асырап алды. Олар туралы ол ерекше жылулықпен және ризашылықпен айтады, оларды «ата-апа» деп атап кеткен, «әке-ана» деп айта алмадым деп бөлісті. Ерланды асырап алушы ата-анасы оның ең жақын адамдары, кеңес алу жағдайда, кез-келген өмірлік жағдайда, өз пікірімен армандарымен бөліседі. Ол әрқашан сол кісілердің ескертулерін қабылдай алады, олардың пікірімен бөліседі. Ерлан ауылдық жерде асыраушы ата-анасымен апа-қарындастарымен бірге тұрып, көп нәрсені үйренді: отын шабу, пеш жағу, малды күту, үй шаруашылығын жүргізу және т.б. Екі жыл бұрын ол өзінің туған анасын тапты, она айыптамайды, оның ойынша «мүмкін мені перзентханада қалдыруға мәжбүрлеген өмірлік жағдай болған шығар». Анасы Ерланға оның әкесі туылмай тұрып қайтыс болғаны туралы әңгімеледі. Ерлан әкесінің туыстары оның туылғанын білмеген, сондықтан оны іздемеген деп шешті. Ерлан: «егер менің әкем жағынан туыстарым білгенде, менің өмірім басқаша болатын ба еді, мен ешқашан балалар үйінде тұрмаспа едім». Қазір Ерлан асыранды ата-анасымен, туған анасымен және әкесі жағынан туыстарымен тығыз қарым-қатынаста.
Орта білім алып, Алматы технологиялық университеті жанындағы колледжге түсіп, қонақ үй-мейрамхана бизнесін зерттейді және сонымен қатар "Astana International Hotel" қонақ үйінде жұмыс істейді. «Азамат әлеуеті» қорына осы жылдың маусым айында өзінің педагогы Гүлназ Камильтайқызы Татишеваның арқасында алғаш рет келді. Біздің достығымыздың бірінші күнінен бастап Ерлан біздің «Азамат әлеуеті» қорының белсенді еріктілерінің бірі болды. Бос уақыт пайда болған кезде Ерлан біздің қорға келіп, менталды бұзылыстары бар жас адамдармен қарым-қатынас жасайды, көмек пен қолдау көрсетеді. Өзінің шағын өмірлік жолында көптеген түрлі жағдайларды басынан кешкен Ерлан айналасындағыларға мейірімді және ешкімді ренжітпейді, өзін жақсы істерге баурап жағымды ойлай бастады, өйткені оның мейірімді әрі қайырымды жүрегі бар.
Жазда біздің жастарымызбен бірге ол ҚР Тұңғыш Президентінің саябағына барып, олармен белсенді қарым-қатынас жасап, сурет салып, ән салып, би билеп, саябақта серуендеп, осы жерде өсіп келе жатқан гүлдер мен ағаштар туралы айтып берді. 27 қазанда Ерлан бізбен бірге Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен «Алтын жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлығының мерейтойлық салтанатына қатысты. Ол ҚР БҒМ Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін еліміздің әр аймақтарынан келген біздің жастарымыз, педагогтар мен еңбек пәндерінің мұғалімдерімен бірлесе демалып уақыт өткізуіне қуанышты болды. «Азамат әлуеті» қорында қуанышпен күтіп отыратын еріктіміз ол Ерлан. Біз өз кезегімізде Ерланға достық, түсіністік пен қамқорлық үшін алғыс білдіре отырып, жаңа істерде мол табыс тілейміз!