Назерке Ерболқызы – дефектология мамандығының студенті, ерікті
- Толығырақ
- Жарияланды 12.02.2019 08:46
- Қаралды: 1351
Ақпан айының 7-9 күні аралығында «Независимая жизнь: люди с ментальными нарушениями в Казаxстане и мире» атты xалықаралық конференция болып өтті. Жоғарғы деңгейде өткен конференцияда ерікті болу арқылы көмек көрсетіп, өз үлесімді қоса білдім.
Бұл менің төртінші рет еріктілік жұмысын атқаруым. Төртеуіде өз мамандығыммен тікелей байланысты іс-шаралар болды. Және төртеуінде де Алмагүл Дәулетқазықызының жетекшілігімен, Алия Ықыласқызының қолдауымен өтті. Осыған дейінгі іс-шаралар жайында аз-кем ақпарат берген едім, ал төртіншісінен түйгенім, Халықаралық конференция барысында қатысушылардың басым көпшілігі тіпті, 90% деуге болады, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары. Осыған дейін көбіне мүмкіндігі шектеулі жандармен бірге жүрсем, осы жолы солардың ата-аналарымен бірге жүру, солармен етене қарым-қатынас орнату, сұxбат құру бұйырыпты. Бұл конференция жайында жоспарды маған жеткізгенде аздап сенімсіздік болғаны рас, үлкен жауапкершілік арқалаудан да аздап састым. Алайда, Алмагүл Дәулетқазықызының ақыл-кеңесімен, байыптылығымен, жан-жақты түсіндіруінің арқасында жауапкершілік арқалап еріктілер жинап, солармен жұмысты ұйымдастыруды бастап кеттім. 3 күн лезде өте шықты, бұл конференция барысында әр елден келген мамандар өз еліндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметке бейімделуін, көмек түрлерінің іске асуын, мекемелер жағдайын атап айтып өтті. Бізгеде сол конференцияға қатысып, берген білімдерімен, айтқан ақпараттарын санаға түртіп алу мүмкіндігі болды. Екінші күні қаламыздағы арнайы мекемелерді араладық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсететін орталықтардың жағдайын, сапасын, деңгейін, қызмет барысын көріп қуандым. Сол күні кешке мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтенуін алға тартып, соларды жұмыспен қамту мақсатында арнайы ашылған ресторанда елімізге шет мемлекеттен келген қонақтарды күттік, концерттік номерлер көрсетіп қазақ xалқының ұлттық өнерін паш еттік. Шалғайдан келген қонақтарымыз қазақ еліміздің қонақжайлылығын көріп қуанып қайтты. Үшінші күні еліміздегі және шет мемлекеттерден келген білікті мамандар мастер класс көрсетті. Мастер класс барысында әркім өз жұмысындағы жетістіктерімен бөлісті. Басқа да арнайы бағдарламалармен таныстырды. Жалпы xалықаралық конференция маған көп нәрсе бере білді. Бір қызық жайт, сұxбат құрған кісілердің көбі біздің бұл мамандыққа өз қызығушылығымызбен, өз қалауымызбен және болашақта осы мамандықты ары қарай дамытқымыз келетінін естіп таңғалды. Себебі, олар бірінші кезекте бізден сұрайтыны неге дәл осы мамандық? Өзің (өз қалауыңмен) келдің бе?
Өз мамандығымды жақсы көремін және ерікті болғаныма өте қуаныштымын, себебі іс-шаралар барысында болашақта қажетті көптеген ақпараттар, өмірлік тәжірибелер аламын. Алмагүл Дәулетқазықызы мен Алия Ықыласқызына және барлық қатысушыларға алғысым шексіз. Адамға жәй ғана аураның өзі де әсер еттеді ғой, осындай өте білікті, өз ісінің шеберлерінің арасында жүру маған да үлкен әсер етті. Еріктілік жұмысымыз қызықты өткені соншалық конференция болған орында даяшы болып жүрген біз секілді жастар да қызығып біздің қатарымызға қосылғысы келетін тілектерін білдіріп жатты. Әрине, қатарымызға қосамыз, тек шыдамды, сабырлы, кез-келген жағдаяттан шығатын, тез тіл табысатын және жанжақты болса жетерлік).