Main content

Alert message

Назерке еріктіміз

Біздің «Азамат әлеуеті» қорымызға ресми түрде бір жыл. Біз еріктілердің бар екеніне қуаныштымыз, онсыз біздің жұмысымыз мүмкін емес еді. Бізге ҚазМҚПУ-мен ҚазҰУ-дың еріктілері келіп біздің жұмыста көп көмек көрсететіп жүр. Бірақ бүгін біздің қордың ең жас еріктісі Назерке туралы айтқымыз келеді. Назерке біздің тамаша ұстазымыз Гүлназ Камильтайқызының кіші қызы. Назерке 9 ақ жаста, Алматы қаласындағы №9 мектептің 4 сыныбында оқиды. Назерке күлімдеген, позитивті, мейірімді қыз. Ол өте комутикативті бала, жас ерекшелігіне қарамастан, ол біздің қордағы ерекше балалармен оңай тіл табады және қордың кез келген саласында көмектесуге тырысады, яғни тігеді, тоқиды, ас мәзіріндегі дайындықта көмек көрсетеді. Біздің қорға осындай көмек көрсеткені үшін Назеркеге және оның тамаша анасына зор алғыс айтамыз.