Ерлан есімді еріктіміз
- Толығырақ
- Жарияланды 09.11.2016 11:48
- Қаралды: 1288
Бұл күлімсіреген және қайырымды жас адамға қарап, оның балалық шағы қиын болды деп ешқашан ойламайсың. Ерлан балалар үйінде өскен, оның анасы перзентханада қалдырып кеткен, оның құжаттарының арасында әкесі туралы ешқандай ақпарат болмады. Жасөспірімдік жаста Ерланды Шығыс Қазақстандық бір отбасы асырап алды. Олар туралы ол ерекше жылулықпен және ризашылықпен айтады, оларды «ата-апа» деп атап кеткен, «әке-ана» деп айта алмадым деп бөлісті. Ерланды асырап алушы ата-анасы оның ең жақын адамдары, кеңес алу жағдайда, кез-келген өмірлік жағдайда, өз пікірімен армандарымен бөліседі. Ол әрқашан сол кісілердің ескертулерін қабылдай алады, олардың пікірімен бөліседі. Ерлан ауылдық жерде асыраушы ата-анасымен апа-қарындастарымен бірге тұрып, көп нәрсені үйренді: отын шабу, пеш жағу, малды күту, үй шаруашылығын жүргізу және т.б. Екі жыл бұрын ол өзінің туған анасын тапты, она айыптамайды, оның ойынша «мүмкін мені перзентханада қалдыруға мәжбүрлеген өмірлік жағдай болған шығар». Анасы Ерланға оның әкесі туылмай тұрып қайтыс болғаны туралы әңгімеледі. Ерлан әкесінің туыстары оның туылғанын білмеген, сондықтан оны іздемеген деп шешті. Ерлан: «егер менің әкем жағынан туыстарым білгенде, менің өмірім басқаша болатын ба еді, мен ешқашан балалар үйінде тұрмаспа едім». Қазір Ерлан асыранды ата-анасымен, туған анасымен және әкесі жағынан туыстарымен тығыз қарым-қатынаста.
Орта білім алып, Алматы технологиялық университеті жанындағы колледжге түсіп, қонақ үй-мейрамхана бизнесін зерттейді және сонымен қатар "Astana International Hotel" қонақ үйінде жұмыс істейді. «Азамат әлеуеті» қорына осы жылдың маусым айында өзінің педагогы Гүлназ Камильтайқызы Татишеваның арқасында алғаш рет келді. Біздің достығымыздың бірінші күнінен бастап Ерлан біздің «Азамат әлеуеті» қорының белсенді еріктілерінің бірі болды. Бос уақыт пайда болған кезде Ерлан біздің қорға келіп, менталды бұзылыстары бар жас адамдармен қарым-қатынас жасайды, көмек пен қолдау көрсетеді. Өзінің шағын өмірлік жолында көптеген түрлі жағдайларды басынан кешкен Ерлан айналасындағыларға мейірімді және ешкімді ренжітпейді, өзін жақсы істерге баурап жағымды ойлай бастады, өйткені оның мейірімді әрі қайырымды жүрегі бар.
Жазда біздің жастарымызбен бірге ол ҚР Тұңғыш Президентінің саябағына барып, олармен белсенді қарым-қатынас жасап, сурет салып, ән салып, би билеп, саябақта серуендеп, осы жерде өсіп келе жатқан гүлдер мен ағаштар туралы айтып берді. 27 қазанда Ерлан бізбен бірге Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен «Алтын жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлығының мерейтойлық салтанатына қатысты. Ол ҚР БҒМ Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін еліміздің әр аймақтарынан келген біздің жастарымыз, педагогтар мен еңбек пәндерінің мұғалімдерімен бірлесе демалып уақыт өткізуіне қуанышты болды. «Азамат әлуеті» қорында қуанышпен күтіп отыратын еріктіміз ол Ерлан. Біз өз кезегімізде Ерланға достық, түсіністік пен қамқорлық үшін алғыс білдіре отырып, жаңа істерде мол табыс тілейміз!