Ғазиза еріктіміз
- Толығырақ
- Жарияланды 18.10.2016 11:34
- Қаралды: 1312
«Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының еріктілер қатарындағы қонақтар мен достарына өте қуанышты. Бізге Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Педагогика және Психология» факультетінің 3-курс студенттері жиі қонаққа келеді. Студенттердің бірі - Ғазиза Хабдолданова туралы айтқымыз келеді.
Ғазиза – «Азамат әлуеті» қорына келетін менталды бұзушылықтары бар жастарға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырған алғашқы еріктілердің бірі. Бұл қордың алғашқы туған күні болатын, қыздар ән айтты, би биледі, өлеңдер айтты, ал біздің жастарымыз оларға белсенді түрде ән шырқады, би биледі және қонақтарға аса қуанды. Газиза – білімді, өте сүйкімді қыз, ол бізге күлімсіреп келіп, келген сайын бөліседі жұмыс атқарады. Ол мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істейтін болашақ маман ретінде университетте алған білімдерін тәжірибеде қолдануға тырысады. Ғазиза жанымен жұмыс істейді және біздің жастарымыз жылу мен шынайылықты сезініп, оған тартылады. Оған біздің барлық еріктілерге қамқорлық, қолдау көрсеткен көмегі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.