Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі «Жан нұры» үйірмесінің жетекшісі Әлия Ермағамбет
- Толығырақ
- Жарияланды 11.02.2019 08:44
- Қаралды: 1351
«Азамат Әлеуеті» Жеке Қайырымдылық қорымен бірлесіп атқарған жұмыстары туралы ой-пікірі. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының жанындағы «Жан нұры» студенттік ғылыми үйірмесі бірнеше жылдан бері «Азамат Әлеуеті» Жеке Қайырымдылық қорымен ғылыми-тәжірибелік және еріктілер қызметі бағытында жұмыс істеп келеді. «Азамат Әлеуеті» қорының президенті Сейсенова Алмагүл Даулетқазықызымен бірге дефектолог-студенттер ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді қолдау бойынша түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жүйелі түрде қатысады. Халықаралық конференциялар, қайырымдылық акциялары және инклюзивті концерттер, студенттік форум – бұл «Азамат Әлеуеті» Жеке Қайырымдылық қорымен «Жан нұры» үйірмесінің еріктілерімен бірлесіп өткізілген іс-шаралардың толық тізімі емес.
«Азамат Әлеуеті» қорымен ғылыми-практикалық және еріктілік қызмет бағытында тұрақты және ұзақ мерзімді ынтымақтастықта болашақ дефектолог мамандар өздерінің кәсіби қалыптасуына жағымды әсер етеді. Сонымен, Дефектология бөлімінің студенттері теориялық білімді тереңдетуге, дамуында ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеу дағдылары мен іскерлігін меңгеруге үлкен мүмкіндік алады. Еріктілер Алмагүл Дәулетқазықызы Сейсенованың шебер жетекшілігімен балалардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасау этикасы, жұмыс барысында туындайтын проблемалық жағдайларды шешу бойынша білім алады. Ең бастысы, қыздар өз мамандығының маңыздылығы мен қажеттілігін саналы түрде түсініп, оны сүйе бастайды.
Қазіргі уақытта «Жан нұры» студенттік ғылыми үйірмесі «Азамат Әлеуеті» Жеке Қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді қоғамдық өмірге белсенді қосуды қарастыратын жаңа, өзекті және қызықты іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Біз ынтымақтастығымызға өте қуаныштымыз және оның одан әрі дамуына мүдделіміз!