Main content

Alert message

Қазақстанда мүгедек балаларға білім беру мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы

Бүгін, 14 наурызда Алматыда Қазақстанда мүгедек балаларға білім беру мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.                                                                                                                                                         

Баспасөз конференциясына Human Rights Watch мүгедектігі бар адамдар құқықтары жөніндегі бөлім директорының орынбасары Джейн Бьюкенен, Human Rights Watch Орталық Азия бойынша аға зерттеушісі Мир Ритман, студент Ақбота Оңғарова сөз сөйледі. 

Қазақстан Үкіметі мүгедектігі бар балаларға арналған жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруге қолжетімділікті айтарлықтай кеңейтуге міндеттенді. Өкінішке орай, бүгінгі күні мүгедек балалардың көпшілігі басқалармен тең дәрежеде сапалы инклюзивті білім алмайды.                                                                                     

Human Rights Watch «Өмір жиегінде: Қазақстандағы мүгедектігі бар балаларға арналған білім беру» зерттеуі балалар үшін бірдей білім беруді қамтамасыз етуге қабілетсіздігі, мүгедектігі бар балалардың әлі де оқшауланып қалуы және стигматизацияға ұшырауы болашаққа деген әлсіз перспектива қаупін туғызады деуде.