Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары жөнінде ақпарат
- Толығырақ
- Қаралды: 1324
Ағымдағы жылдың ақпан айының 22-нде Семей қаласында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің ата-аналары/заңды өкілдері, мүгедектігі бар тұлғалар, мүгедектермен жұмыс істейтін ҮЕҰ өкілдері және басшылары, ынталы ата-аналар топтары, жалпы және арнайы мектептердің ұстаздары, арнайы және әлеуметтік педагогтары мен психолог мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалармен кездесу мүмкіндігін жасаған Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының басшылығы және әріптес мамандар, Семей қаласындағы № 49 орта мектептің ұжымы мен "Дара" Қорының бастамасымен ашылған Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшылығы мен мамандарына ерекше ықыласпен алғысымызды айтамыз. Кездесуге 200-ден аса адам жиналды.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер болғандығын мәлімдейміз:
1. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге педагогикалық, түзету және психологиялық қолдау көрсету жүйесі, оларды медициналық оңалту және әлеуметтік бейімдеу.
2. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар азаматтарды кәсіби-еңбекке дайындау және одан әрі жұмысқа орналастыру.
3. Жоғарыда айтылған мәселелерге қатысты заңнамалық база.
4. «Мүгедектігі бар тұлғалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша Ұлттық жоспар» және Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясының баптарына сәйкес міндеттемелерін орындауы туралы.
5. «ҚР-дағы әлеуметтік қызметтерді жаңғырту тұжырымдамасы».
6. Қазақстан Республикасында ақыл-ойында бұзылыстары және психикалық бұзылыстары бар тұлғаларға көрсетілетін баламалы және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы.