Main content

Alert message

Халықаралық шала туған балалар күні

Халықаралық шала туған балалар күні алғаш рет 2009жылдың17 қарашасында аталып өтті. Бұл күні Венадағы Әулие Михаил алаңында университеттік клиниканың профессорлары Арнольд Поллак пен Ангелика Бергердің бір мезгілде аспанға 500 ақ шарды ұшыруы – бір жыл бойы Венада туған шала балалар санына сәйкес болған болатын. 2010 жылы бұл күн 12 еуропалық елде кеңінен мерекеленді. 
Соңғы уақытта Қазақстанда бұл маңызды мәселеге мемлекет тарапынан да назар аударылып жатыр. Өйткені шала туылу – отбасы мен қоғамның әл-ауқатының даму деңгейіне қарамастан тап болатын проблема. Шала туған балаларды күтудің медициналық және экономикалық мәселелері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табысты шешілуде. Еліміздің әр өңірінде перинаталдық орталықтар жұмыс істейді, олар әйелдерге баланы көтеруге барлық қажетті көмек көрсетеді, содан кейін салмағы 500 грамм болатын балаларды күтеді. Шала туған балалардың өлімі 3-4 есеге азайды және дене салмағы 1 килограммға дейін туған балалардың өміршеңдігі айтарлықтай өсті. Айта кетерлігі, көптеген көрнекті адамдар шала туылып, керемет табыстарға жеткені көпшілікке мәлім, олардың ішінде –Қайта өрлеу дәуірінің ең жарқын өкілі – Леонардо Да Винчи 900 грамм салмақпен дүниеге келді. Барлығы бала өлі туылды деп ойлады, бірақ біраз уақыттан кейін ол өмір белгілерін көрсете бастады. Бала тірі қалғаны ғана емес, 67 жасқа дейін өмір сүріп тарихта ұлы дана ретінде із қалдырды.