- Подробности
-
Просмотров: 941
Сорос-Қазақстан қорының COVID-19 аясында арнайы резерв қоры бойынша Сарапшылар комитеті біздің төмендегі жобамызды қолдады:
«Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер, мүгедектігі бар жастар, олардың отбасы мүшелері мен мамандарды қолдау (COVID-19 таралуы кезінде және оның салдарын жою барысында)».
Жобаның төмендегідей мақсаты және міндеттері бар:
Мақсаты – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер, мүгедектігі бар жастар, олардың отбасы мүшелері мен мамандарға COVID-19 таралуы кезінде және оның салдарын жою барысында кеңес беру және қолдау көрсету.
Міндеттері:
- ауылды мекендерде тұратын білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер, мүгедектігі бар жастар, олардың отбасы мүшелері мен мамандарға төтенше жағдай кезінде және оның салдарын жою барысында кеңес беру-құқықтық және басқа да қызметтер кешенін ұсыну;
- түрлі бұзылыстары бар білім алушылар, олардың педагогтары мен ата-аналарына оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық көмек атқару;
- жергілікті қауымдастықта отбасыларын одан ары әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан қолдау мақсатында алдымен мамандарға, содан кейін білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына ТоТ деңгейінде екі тілде кәсіби тренингтерді ұйымдастырып, өткізу.
Жобаны жүзеге асыру барысында Алматы, Батыс-Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарының 57 Психологиялық-педагогикалық Кабинеттерін (ППТК) қамтуды жоспарлаудамыз. Жоғарыда аталған 57 ППТК-ның 53-і қазақ тілід өңірлердің ауылдық аймақтарында қызмет етеді, 7-і жыл басынан бері ашылған еді, оларда ұйымдастыру-әдістемелік және әлеуметтік-заңнамалық бағытта мәселелер туындауда. Елімізде жарияланған төтенше жағдай мен карантинге байланысты аталмыш ұйымдардың басшылығы мен мамандары осындай жғадайларда жұмыс жасау тәжірибесі болмағандықтан өздерінің ұйымдастыру әлеуеті дамытып, онлайн режимде қызметтер атқаруға тырысуда. Осы жоба аумағында арнайы білім беру ұйымдарының басшылығы мен мамандары және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналары кеңес алып, тренингтерден өтіп, оқу-әдістемелік қолдауға ие болады.